389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаһандық бәсекеге қабілетті елдердің рейтингінде Қазақстан 55-орынға көтерілді

  • 270
  • UPD: 11:19, 10.10.2019

Биылғы сегіз айда мемлекет қазынасына 8,4 триллион теңге түсті.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 триллион теңгеге көп. Бюджет түсімдерінің артуына не себеп болды.

Мемлекет қазынасынің өсуі салық түсімдерімен тікелей байланысты. Сондықтан оның артуы салықтан түскен қаржының көбейгенін көрсетеді.

Биылғы сегіз айда оның сомасы 760 миллиард теңгеден асып, 15 проценттік өсім көрсетті. Жалпы 2018 жылы мемлекет бюджетінің табысы 10,8 триллион теңгені құрады. Оның 73 проценті салық төлемдеріне тиесілі. Салық түсімдерінің артуы елдегі ірі кәсіпорныдардың көбейуімен байланысты. Мәселен, былтыр елімізде 2 мың 400 ірі кәсіпорын тіркелген. Соның ішіндегі алпауыт он компания мемлекетке 4,9 триллионт еңге салық төлеген. Биыл алпауыттар қатары тағы 4,6 прцентке көбейді.

Қолма-қол емес төлемнің үлесі артты

Қазақстанда электронды сауда айналымы үлкейіп барады. Биылғы сегіз айда қолма-қол емес төлемнің үлесі 7 триллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. 2018 жылы тұрғындар 5 жарым триллион теңгені электрондық жүйенің көмегімен төлеген. Оның 67 проценттейі яғни 4,6 триллион теңгесі интернет немесе мобильді қосымшалар арқылы жүргізілген. Ал ПОС терминал арқылы 2,2 триллион теңгенің транзакциясы жасалды. Банк аппараттары арқылы 122 миллиард теңгеге есеп айырысқан. Мәліметтерге қарағанда, қолма-қол емес төлемнің 70 проценті алматылықтардың үлесінде. Ал елордалықтар 597 миллиард теңгені электронды жүйеде төлеген. Сондай-ақ қолма-қол емес төлемнің көмегіне Алматы, Қарағанды және Атырау облысының тұрғындары да жиі жүгінеді. Statista порталының есебінше, 2019 жылы әлемдегі бөлшек сауданың 14 проценті қолма-қол емес төлем арқылы жасалған. 2023 жылға дейін бұл көрсеткіш 22 процентке жетеді деген болжам бар.

Бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 55-орында

Жаһандық бәсекеге қабілетті елдердің рейтингінде Қазақстан 55-орынға көтерілді. Ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында. Тізімге жер бетіндегі 141 мемлекет енген. Олар әлем халқының 94 процентін және әлемдік ішкі жалпы өнімнің 98 процентін құрайды. Рейтінгті дүниежүзілік экономикалық форум мамандары 103 көрсеткіш бойынша есептеген. Биыл Қазақстан 33 көрсеткіш бойынша жақсарды. 21-көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Осылайша былтырмен салыстырғанда еліміз 4 сатыға жоғарылады. Рейтінгте Қазақстанның жоғарылауына Еңбек нарығы, макроэкономикалық тұрақтылық, инфрақұрылым салаларының бәсекеге қабілеттілігің артуы әсер еткен. Десе де қаржы жүйесі мен денсаулық сақтау саласы және инновациялық мүмкіндіктері бойынша әлі кенжелеп келе жатқаны байқалады. Айта кетейік, бәскеге қабілетті елдердің көш басына Сингапур, АҚШ және Гонгонг орналасқан.

Қазақстан мен Оман сұлтандығы арасында әуе қатынасы ашылады

Келер жылдан бастап Қазақстан мен Оман сұлтандығы арасында тікелей әуе рейстері ашылады. Нақтырақ айтсақ, наурыз айында омандық «Салам эйр» әуе компаниясы Алматы мен Маскат арасына аптасына 7 рейс жиілігімен қатынай бастайды. Ал күзде бастап Нұр-Сұлтан - Маскат қатынасы ашылады деген жоспар бар. Келіссөздердің қорытындысы бойынша ұшу үшін құқықтық база құрылды. Оған сәйкес екі елдің тағайындалған тасымалдаушыларына аптасына 14 жолаушы және 14 тұрақты жүк рейстерін орындау құқығы берілді. Сонымен қатар Оман тарабы Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізу мәселесін қарастырмақ. Алғашқы қадам ретінде қазақстандықтарға электрондық виза алу мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр.

Енді Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамына тоқталайық. Еліміздің ұлттық банкі белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 390 теңге 9 тиынды құрады. Айырбастау бөлімшелерінде долларды 390-391 сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы