387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық кәсіпкерлер Ресейдегі әділетсіз бәсекелестіктен қиналып жүр

  • 270
  • UPD: 10:45, 14.10.2019

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Ресейдегі әділетсіз бәсекелестік бойынша шағымданып жатыр. Жарты жыл ішінде жергілікті ветеринарлық және фито-санитарлық бақылау федералдық қызметі Қазақстандық 16 компанияның тауарларын импорттауға шектеу қойған. 

Сонымен жарты жыл ішінде Ресейдің Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметі 16 қазақстандық компания өнімдерін шекарасынан өткізуге тыйым салған. Оның ішінде тек екі компаниядан санкция алынды. Алайда отандық супермаркеттерде Ресей тауарларының түр-түрі бар. Баға жағынан да ресейлік өнімдер қазақстандық брендтерге айтарлықтай бәсекелестік тудырып отыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан дүкендерінде ресейлік сервелат 900 бен 1200 теңге аралығында саудаланса, отандық өнімнің бағасы 1200 теңгеден басталады. Солтүстік көршіміз баға жағынан жеңілдік айырмашылығын ұстағанымен оның сапасы қаншалықты сай келетіні белгісіз. Өйткені ресейлік халал өнімдерінен доңыз етінің ДНК-сын табылған жағдайлар жиі кездеседі, дейді жергілікті мамандар.      

Азаматтар өз өмірін сақтандыруға асықпайды. Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтардың едәуір бөлігі сақтандыру компанияларына төлем қабілеттілігі жоғары емес. Өткен жылы сақтандырудың аталған түріне әрбір азамат орта есеппен 14 доллар жұмсапты. Өмірді сақтандыру өкінішке қарай соңғы кезекке қойылып отыр.р. Бірінші кезекте тұрғындар азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар, медицина және содан кейін ғана өз еркімен сақтандыру қызметіне жүгінеді екен. Алайда қазіргі таңда несие алушыны сақтандыру, сондай-ақ аннуитеттік сақтандыру көрсеткіші жоғарылап келеді. Осы арқылы азаматтар өзінің зейнетақы жинағын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру компаниясына аудара алады. Артынша клиент өз қалауынша ақысын ай, тоқсан немесе жыл сайын алып отыруға құқылы.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің жаңа кезеңі тығырықтан шығуға мүмкіндік беретін соңғы амал болуы мүмкін. Америкалық сауда палатасының қызметкерлері осылай дейді. Егер екі алпауыт мемлекет қараша айында өтетін Экономикалық ынтымақтастық саммитінде ымыралы келісімге қол қоя алмаса, онда күллі әлем экономикалық өзгерістерге дайын болуы керек. Өйткені 2008 жылдағыдай экономикалық дағдарыс толқыны болуы ықтимал. Артынша АҚШ рецессияға ұшырап, әлемдік экономикадағы сауда мен саяси байланыстар үзіле бастайды, дейді мамандар. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов қазақстандықтардың Әзербайжан банкіне инвестицияланған зейнетақы қорындағы қаражат туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәулен Өтеғұлов өзінің facebook парақшасында салымшылардың көбі әзербайжандық банкке салынған қаражат қайтпай қалады деп ойлағаны туралы жазды. Қордың басқарушы директоры бұл әңгіменің шындыққа жанаспайтыны жөнінде айтады.

Хабар 24 телеарнасы