387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы министрі нан бағасына қатысты болжамын айтты

  • 346
  • UPD: 11:14, 15.10.2019

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасына қатысты болжамын айтты.

Ол өз сөзін нақты сандармен келтіріп, бағаның аймақ экономикасына байланысты қалыптасатынын түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір нанның орта бағасы 75-85 теңгеден басталады. «Болжам бойынша баға 80-82 теңгеге барып қалуы керек», - деді министр.

«Нан бағасы шамалы деңгейде ғана өсуі керек. Бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін қазір тұрақтандыру қорынан астық сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар әр облыс әкімдігі астық пен ұн сатып алады. Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатады», - деді кеше Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, баға өңірлерде жергілікті экономикаға байланысты кем дегенде 2-5 теңгеге өседі. Ел бойынша қымбат нан Орал мен Павлодар қалаларында. Артынша Өскемен, Қостанай және Ақтөбе қаласы алғашқы бестікке енген. Шымкент, Атырау, Қызылорда мен Петропавлда нан бағасы 63 пен 70 теңге аралығында саудаланады.

Еске сала кетейік, елде 19 млн тоннадан астам астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 12,6 центнерді құрады.

 

Елімізде ескі көлік саны артып барады

Қазақстанның автомобиль паркі ескіріп барады. Ел аумағында жүрген көліктердің 60%-тен астамы 10 жыл бұрын шығарылған, деп хабарлайды Ranking.kz порталы. 2019 жылдың шілде айының соңында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3 млн 7 мыңға жуықтады. Халықта 3,5 млн жеңіл көлік бар. Ел мініп жүрген жеңіл көлік санының жылдық өсімі 4 өңірде ғана тіркелген.

Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында 2,6%-ке артып, 265 мың, Алматы облысында 1,2%-тік өсім тіркеліп, 490 мың және Жамбыл мен Қызылорда облыстарында 0,1%-ке ұлғайып, тиісінше, 196 500 және 112 700 көлікті құрады. Дипломатиялық нөмірі бар автомобильдердің де саны 17,7%-ке артып, 29 мыңнан асты. Ескі көліктер санының артуына екінші деңгейлі банктердің шыққанына 10 жылдан асып кеткен автомобильдерді сатып алуға несие беруі себеп болып отыр. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын банктер зауыттан шыққанына 7 жылдан аспаған көліктерді ғана сатып алуға несие беретін еді.

 

Қазақстанда отандық жанармай өндірісі артты

Қазақстанда жыл ішінде бензин өндірісінің көлемі 13%-ке, ал дизель отыны 9 процентке артқан, деп хабарлады EnergyProm порталы. 2019 жылдың қаңтар-тамызында 2,8 млн тонна бензин, 3,3 млн тонна дизель отыны өндіріліпті. Павлодар, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары өндірілген бензиннің 99, ал дизель отынының 97%-ін шығарып отыр. Павлодар зауыты 1,2 млн тонна, Атырау зауыты 1 млн тоннадан астам, Шымкент зауыты 1 млн тонна дизель өндірді. Ал Шымкент зауыты 1,2 млн, Павлодар зауыты 875 300, Атырау зауыты 696 500 тонна бензин шығарған. Жыл ішінде бензиннің орташа бөлшек саудадағы бағасы 47%-ке түсті.

Атап айтсақ, ең өтімді АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі жанармай құю станцияларында 5,4%-ке арзандап, литріне 146,7 теңгеге дейін қолжетімді бола түсті. АИ-95 және АИ-96 маркалы бензиндер 3,7%-ке арзандап, 1 литрі 169,4 теңгені құрады. Ал дизель отыны керісінше қымбаттады. Мәселен, жазғы дизельдің 1 литрі 0,9%-ке өсіп, 193,1 теңгеге жетіп отыр. Қысқы дизель болса, 2018 жылдың сәуірі мен 2019 жылдың сәуірі аралығында 23%-ке қымбаттап, литрі 259,3 теңгеден асты.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов күні кеше Үкімет отырысында Қазақстанның жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қантар-тамыз айларында халықтың нақты табысы 6,7%-ке артқан.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының құны 10 тиынға жоғарылап, бүгінгі бағамы 389 теңге 62 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 390-391 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы