Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 111
387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Онлайн несие оңай ма?

  • 290
  • UPD: 13:35, 17.10.2019

2020 жылы онлайн несие беретін компаниялар Ұлттық банктің бақылауына өтеді. Бүгінде елімізде осындай қарыз алуға құмартқандар көп.

Жыл басынан бері осындай 3,9 трлн теңге қарыз рәсімделген. Бұл былтырғыға шаққанда 23 процентке артық. Төлеу мерзімін кешіктіру де жиілепті. Мамандар жарнамасы жер жаратын қарыздың өсімін жария етті. Белгілі болғандай, мұндағы жылдық мөлшерлеме 700 процент. Ал екінші деңгейлі банктерде 21,3%-тен аспауы тиіс. Сондай-ақ онлайн-несие берушілердің жеке борыштар бойынша мөлшерлемесі, банктікіндей 56%-ті құрауы міндет.  Бүгінге дейін ҚазФинТех қауымдастығына мүше 16 онлайн-несие  компаниясының төртеуі ғана үстеме төлемдер туралы толық ақпарат беріп отырған. Олар 100 мың теңгелік несиеден бір айда 60-63 мың теңге табыс көріпті. 

Елімізде 6 мың тонна өңделген балық өндірілді. Кәсіпорындарда өткен жылғы өндіріс 7 мың тоннадан асқан. Демек, көрсеткіш 23,3% азайып отыр. Әлі де ішкі сұраныс импорт үлесінен толықтырылуда. Биыл елге 25,5 мың тонна балық өнімі сырттан әкелінген. Отандық өнім үлесі азайғандықтан, баға да еселеніп келеді. Бір жыл ішінде тірі балық 15 процентке қымбаттады. Нарықтағы орташа баға 756 теңге. Атырау мен Алматыда 1000 теңгеден асады. Тұздалған балық 17%, құтыдағысы 10 % қымбаттаған. 

Қазақстандағы компаниялардың 93 проценті сыртқы кибер қауіпке душар болады. Әсіресе, фишинг пен шифраторлар  ТМД аумағын алғанда біздің елде кең тараған. Бизнес үшін спам мен қатерлі бағдарламалық құрылғылар қауіпті. Халықаралық антивирустық ұйым жүргізген зерттеуге сай, компаниялар ақпараттық қауіпсіздікті қамтуға мүдделі. Респонденттердің 96 проценті қатерлі бағдарламалардан сақтану үшін антивирустарды қолданады. Сондай-ақ, бағдарламалық құрылғыларды жаңартуға көңіл бөліп, корпоративтік желіге қосылған сыртқы құрылғыларды қадағалайды. Заманауи қорғаныс жүйесін орнатқан ірі компаниялар да бар. Зерттеуге елдегі 250 желілік әкімші мен Айти директор қатысқан. 

Елімізге келген туристердің саны жаңаша есептелетін болады. Қазір «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жаңа қосымша әдістемені сынауда. Мамандардың айтуынша, бұдан былай шетелдік меймандардың нақты бағыттары да лезде анықталады. Мұндай ақпараттарды мобильді операторлар ұсынады. Технология арқылы туристердің  жынысы, жасы, тіпті елге қанша күнге келгенін де анықтауға болады. Бірақ, деректер еш жерде тіркелмейді. Ал қолданыстағы тәсіл қажетті деректермен толық қамтымаған. Әзірге белгілісі ақпараттар интерактивті веб-интерфейс арқылы диаграмма, график, кесте түрінде жасалады. Оны туристік нарықтың барлық қатысушылары пайдалануға құқылы. 

Келер жылы қара алтын баррелінің орташа бағасы 60 процентке, 2023 жылы 55 процентке төмендейді. Халықаралық қаржы қорының болжамы бұл. Жыл басынан бері шикізат құны 5,5%, көміртегі 13% түсті. Сарапшылардың пікірінше, ОПЕК қатысушылары өз міндеттерін түгелдей орындауға құлықсыз. Қордың болжамы әркез орындала бермейтінін де айта кетейін. Дегенмен, мұнай саласының өкілдері бағаның төмендейтініне күмән келтірмейді.

Хабар 24 телеарнасы