387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда құс еті қымбаттауы мүмкін

  • 281
  • UPD: 11:07, 21.10.2019

Елімізде құс етінің бағасы сиыр етімен теңесуі мүмкін. Мамандар мұны саладағы субсидияның қысқарғанымен байланыстырады жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Субсидия болмағандықтан бірнеше өңірдегі құс фабрикасы өндіріс көлемін төмендетеді немесе тауық етінің бағасын өсіреді. Проблеманы шешудің тағы бір жолы бар.

Қазақстан Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтың пайымдауынша, алдағы уақытта бірнеше өңірдің құс фабрикаларына өндіріс көлемін азайтуға тура келеді. Олардың қатарында соңғы жарты жылда субсидия алмаған Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кәсіпорындары бар. «Өндіріске қажетті дәрумендер мен дәрі-дәрмек шетелден алынады. Барлығы 19 аталым бар. Егер олардың құны өнім бағасына қосылса, құс еті сиыр немесе қой етімен бірдей болады. «Сондықтан құс өсірушілер субсидияға тәуелді», - дейді Руслан Шәріпов. Бағаның құбылуына астықтың қымбаттауы да әсер еткен. Дегенмен, кәсіпкерлер «жем-шөп қорын құру арқылы проблеманы шешуге болады» деген ойда. Биыл сала өкілдері Үкіметке 300 мың тонна астық алып, оны жыл бойы бекітілген бағамен сатуды ұсынған. Бұл құс фабрикаларына қажетті жем шөптің жартысы.

Айта кетейік, 2019 жылдың сегіз айында елімізде 142 мың тоннадан астам тауық еті мен 3,7 млрд дана жұмыртқа шығарылған.

 

Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктеріне арнайы жолақтар жасалады

Олар Солтүстік Қазақстан мен Омбы облыстары арасындағы шекара бекетінде салынады. Қазір «Қарақоға» бекетіне кіреберіс жолда қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Жаңадан белгіленген бөліктер жеңіл және жүк көліктерінің ағынын екіге бөледі. Сонымен қатар әдетте ұзақ тексерілетін фуралар енді бөлек бақылаудан өтеді. Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі жиі болатыны белгілі. Еліміздің солтүстігіндегі жүк тасымалдаушылар көп сағаттық кептелістерге үнемі шағымданады. Көліктердің шекарада ұзақ тұруы салдарынан кәсіпкерлер тауарларды уақытында жеткізе алмай, шығынға батады.

 

Еуропалық одақ елдеріне кедейлік қаупі төніп тұр

Әрбір бесінші еуропалық кедей адамдар қатарына қосылып, әлеуметтік оқшауланған топқа кіруі мүмкін. Бұл туралы Еуропалық одақ елдерін зерттеген Евростат хабарлайды. Статитика қызметінің дерегіне сай Болгария, Румыния және Греция тұрғындары ерекше осал топқа жатады. Тізімге Латвия, Литва, Италия, Испания елдері кірген. Барлығы 109 миллион адам кедейлік шегінде тұр және олардың көбі әйелдер делінген хабарламада. Зерттеулер нәтижесі бойынша, Еуроодақтағы әрбір 17-ші азаматтың материалдық жағдайы ауыр. Кейбіреуі шоттарды кешіктіріп төлесе, енді бірі пәтерлерінің коммуналдық қызметін де төлей алмайды. Мамандардың айтуынша, бұл әлемдік экономикалық өсімнің бәсеңдеуімен байланысты. Ал сауда-саттықтағы шиеленістер шешілмесе, дамыған мемлекеттерге халқының жағдайын жақсарту қиынға соқпақ.

 

Forbes әлемдегі үздік жұмыс берушілерді атады

Рейтингтегі алғашқы үш орын АҚШ компанияларының еншісінде. Бірінші орында Alphabet холдингі. Оның бір бөлігі Google корпорациясы болып табылады. Екінші орында Microsoft. Үштікті бағдарламалау жүйесімен айналысатын Red Hat компаниясы түйіндейді. Ал Apple корпорациясы төртінші орынға жайғасты. Үздік жұмыс берушілер тізімініне барлығы 500 компания кірген. Рейтиннгті жасау үшін респонденттер өз жұмыс берушілерін бағалаған. Ал тізімді бастап тұрған Alphabet холдингінің құны 870 миллиард долларды құрайды. Онда 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. «Жаңа мамандардың көбі инженерлер мен тауар менеджерлері», - делінген хабарламада.

Қазақстан қор биржасындағы доллар құны 389 теңге 99 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 390 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы