387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде шағын автомобильдерді көлік салығынан босату ұсынылды

  • 263
  • UPD: 11:31, 23.10.2019

Елімізде шағын литражды автомобильдерге арналған көлік салығын алып тастау ұсынылды.

Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, мұнай өнімдеріне акциз артса, осындай шара қолдану керек болады. Еске сала кетейік, өткен аптада Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бензинге акциздің құнын көтеру туралы айтқан. Ол бүгінгі күні бензиннің бір литріне акциздің құны 8 теңгені құрайтынын мәлімдеді. 

«Егер мұнай өнімдеріне акцизді өсірсек, шағын автомобильдер үшін көлік салығын алып тастау қажет. Бұл біздің ұсыныс. Осылайша үш литрге дейінгі шағын автомобиль иелері көлік салығын төлемейді. Бұл белгілі бір дәрежеде осындай теміртұлпар иелерінің шығынын өтеуге көмектеседі”. Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  ақпаратына сай, отандық әуе тасымалдаушылар 64 ұшақпен толығады.  «Эйр Астана мен Fly Arystan компанияларына – 36 әуе кемесі; SCAT компаниясына  – 5 әуе кемесі; Qazaq Air – 3 әуе кемесі және жергілікті әуе желісі үшін 20 ұшақ алынады» делінген хабарламада.  Сондай-ақ, әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жалғасады. Ал Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының талаптарына сай әуежайлардың санын 19-ға дейін жеткізу жоспарланған.  Ішкі туризмді қолдау үшін министрлік шағын авияцияны дамытуды көздеп отыр. Ол үшін республика аумағында алдағы бес жылда тағы 13 жергілікті әуе желісі салынбақ. Бүгінде мұндай әуе желілері Үшарал, Үржар, Зайсан  әуе айлақтарында жұмыс істейді. 

Теміржол саласында да жақсы жаңалық. 2025 жылға дейін тасымалдаушылар 600 жолаушы вагоны және 144 отандық локомотивпен толығады. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асырлады. Жаңа теміржол көліктеріне мемлекет қазынасынан 657 млрд теңге бөлу жоспарланған. Жолаушылар паркінің тозығы жеткені белгілі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің пайымдауынша, жаңа вагондар жолаушылар паркінің тозу деңгейін 40%-ке дейін, ал магистральдық темір жол желісінің 49%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді. 

Мұнай бағасы төмендеп барады. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері оң нәтиже берсе де, әлемдік экономика қарқынының баяулауы, қара алтынға деген сұранысқа әсер етеді дейді сарапшылар. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Brent маркалы мұнай фьючерстері төмендеп, бір баррель $58,80-ға дейін түскен. Ал WTI америкалық жеңіл мұнайға фьючерстер 0,21%-ке төмендеп, бір баррель құны  $53  дейін арзандаған.  Еске салсақ, дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Пекин арасындағы сауда соғысын тоқтатуға күш-жігерін салатынын айтқан. Ал келіссөзшілер қараша айында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитінде екі елдің көшбасшылары қол қоюы үшін сауда мәмілесінің «бірінші фазасы» мәтінімен жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы