387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Беларусь құны $75 млн болатын келісімге қол қоймақ

  • 259
  • UPD: 12:25, 25.10.2019

Қазақстандық банктер өнеркәсіп саласын несиелендіруге қызығушылық танытпай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни секторға берілетін қарыз биыл айтарлықтай қысқарған. Бұл отандық өндіріске қалай әсер етті.

Өнеркәсіп саласына берілетін несие көлемі азайғанымен, өндіріс артып жатыр. Сондай-ақ елде білім саласына инвестиция көбейді.

Өнеркәсіп саласына несие беру азайды

Елімізде өнеркәсіп саласына берілетін несие бір жыл ішінде 10 процентке кеміді. Дегенмен өндіріс артып келеді. Мәселен, қаңтар мен қыркүйек арасында өнеркәсіп өндірісі 3,3 процентке өсім көрсетіп, 21,4 триллион теңгеге жетті. Өсім өңдеу және тау-кен өнеркәсібінде де бар. Биылғы тоғыз айда тау-кен өндірісі 12 трилилон теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 процентке артық. Есептік кезеңде түсті металл өндірісі 118,4 процентке артты. Табиғи газ өндірісі 101 процент, шикі мұнай 99,5, ал көмір мен лигнит өндірісі 96,1 процентті құрады. Айта кетейік, салаға берілген несиенің басым бөлігі шикі мұнай және табиғи газ өндірумен айналысатын кәсіпорындарға бөлінген.

Білім саласына инвестиция артты

Білім саласына құйылған инвестиция жыл ішінде 3,5 процентке артып, 143,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл ел экономикасындағы жалпы инвестицияның 1,7 процентіне тең. Айта кетейік, өткен жылы білім саласына салынған инвестиция 2017 мен салыстырғанда 27 процентке кеміген болатын. Биыл алғашқы алты айда да құлдыру байқалған. Яғни қаңтар мен маусым арасында оның құны 75 жарым миллиард теңгеден аспады. Алайда соңғы үш айда салаға құйылған қаржы былтырғы көрсеткіштен көбейді. Инвестицияның артуына мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің артуы әсер еткен. Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың айтуынша, осы жүйе бойынша 558 жоба жүзеге асып жатыр. Оның үстіне мемлекет тарапынан берілетін қаржы сомасы да артты. Тоғыз айда республикалық бюджеттен салаға 53,5 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 процентке көп.

Қазақстан мен Беларусь құны $75 млн болатын келісімге қол қоймақ

Қазақстан мен Беларусь жалпы сомасы 75 миллион АҚШ доллары болатын 15 құжатқа қол қоймақ. Қос мемлекет ауылшаруашылық техникасын жасау, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, фармацевтика салаларында әріптестік орнатуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан-Беларусь бизнес форумында белгілі болды. Мәліметтерге қарағанда, былтыр Беларусь Республикасының шаруалары Қазақстанға 311 млн доллардың азық-түлігін экспорттаған. Ал биылғы қаңтар-тамыз аралығында 187 млн доллардың азық-түлігі әкелінді. Әсіресе, ірімшікке, сиыр мен құс етіне сұраныс артып тұр. Сиыр еті былтырғыдан 2 есе, құс еті 1,7 есе, ірімшікке деген сұраныс 7% артқан. 2019 жылдың 8 айында 27,7 млн доллардың ет өнімдері, 62 млн долларға сүт және сүт өнімдері импортталған. 

Беларусь республикасының ауыл шаруашылығы және сауда министрлігінің сыртқы экономикалық қызмет басқармасы басшысы:

– Қорғастың мүмкіндіктерімен былтыр танысқан болатынбыз. Кеше Қазақстанның ұсынысы бойынша аталмыш аймақтағы Беларусь республикасының тұңғыш сауда аймағын ашып келдік. Осы сауда каналы арқылы біз ауыл шаруашылығының сан түрлі өнімдерін сатсақ деп отырмыз. Әзірге сүт өнімдерін өткізу бойынша барлық ветеринарлық, кедендік құжаттарды реттеп болдық. Қытай тарапы да бұл жобаға қатты қызығып отыр.

«Doing Business» рейтингінде Қазақстан 3 сатыға жоғарылады

«Doing Business» рейтингінде Қазақстан 3 сатыға жоғарылады. Яғни 28-орыннан 25-ке көтерілді. Дүниежүзілік банк сарапшылары жасайтын рейтінг негізінен бизнес жүргізудің қолайлылығына мән береді. Талдау 10 көрсеткіш бойынша жүргізілген. Оның ішінде жаңа бизнесті құруға жұмсалатын уақыт, ақшалай қаражат шығындары, құрылысқа рұқсат алу, электр энергетикасы инфрақұрылымына қолжетімділік, меншік құқығын тіркеу, несие алу, салық салу сынды бағыттар ескеріледі. Тізімнің көш басында Жаңа Зеландия, Сингапур, Гонконг, Қытай сынды мемлекеттер тұр. Ал көршілес Ресей 28, Өзбекстан 69-орынға жайғасқан.

Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамына тоқталайық. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 388 теңге 93 тиынды құрайды. Айырбастау бөлімшелерінде долларды 388-389 теңгеден сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы