387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2022 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағында отандық зымырандар сыналады

  • 225
  • UPD: 11:56, 31.10.2019

2020 жылдан бастап салық органдарында электронды цифрлық қолтаңба берілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Мұндай бастама бизнес үрдісті оңтайландыру аясында қолға алынған.

Жыл басынан бері салада 16,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 15 млн-ға жуығы электронды форматта жүзеге асқан. Келер жылы мемлекеттік қызметтердің 90 проценті автоматтандырылады. Ал салық үлесінен бюджетке қанша кіріс түсті?

Бюджет кірісі еселенді

Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 6400 млрд теңгеден аса қаражат түскен. Бұл жоспарлы сомадан 125 млрд теңгеге артық. Оның 1,5 млрд-тан астамы – жергілікті бюджет еншісі. Мамандардың айтуынша, камералық бақылау нәтижесінде 94 млрд теңге өндірілген. Ал тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған кедендік тексерулерден 9 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Бюджетке 165 млрд теңге кіріс кірді. Акцизделетін тауарларды сату саласы да олқылықсыз емес. Жіктесем... Мемлекеттік кірістер органдарында алкогольді ішімдіктердің айналымынан 5 306 литр заңсыз өнім анықталды. Сондай-ақ 276 мың теңгеге 2200 тонна тіркелмеген мұнай өнімдері тәркіленген. Айналымнан 938 мың теңгеге заңсыз әкелінген 2 400 дана темекі де алынды.

Ал енді ЕАЭО аумағындағы ірі банктер ұсынатын ипотекалық шарттарға шолу жасайық. Деректерге сай, қырғызстандықтар үшін тұрғын үй несиесін рәсімдеу оңай емес. Қарыз жылдық 17 процент мөлшерлемемен 5 не 7 жылға беріледі. Әрі несие алушы алдын ала жылжымайтын мүлік құнының 30 процентін өтеуге міндетті. Ай сайынғы табыс та қатаң бақыланады. Сарапшылар ресейліктерге жасалған жағдайды оң бағалады. Мұнда қарызды 30 жылға 300 мың рубльден бастап рәсімдеуге болады. Ал Қазақстанда қарыз мөлшері клиенттің несиелік тарихы мен жылжымайтын мүлік дәрежесіне қарай бекітіледі. Банктердің кепіл сұрауы да – қалыпты құбылыс. Арменияда да баспананы 20 жылға қарызға алу мүмкіндігі бар. Несие армян драмы, доллар және еуромен рәсімделеді. Беларусьтердің баспаналы болуы үшін жағдай жасалған. Мұнда мердігер мен банк серіктес саналады. Яғни халыққа тиімді шартпен баспана алуға мүмкіндік жасалған.

Отандық зымырандар Байқоңырда сыналады

2022 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағында отандық зымырандар сыналады. Қазір Мәжіліс депутаттары «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмыс істеуде. Құжатқа былтыр Мәскеуде қол қойылды. Оның негізінде ресейлік тарап қаржыландыру мен зымыран тасымалдағышты құруды қамтамасыз етсе, еліміз «Байқоңыр» ғарыш айлағының жердегі ғарыштық инфрақұрылымын жаңғыртады. Заң жобасы бойынша қорытынды келер жылдың 30 қыркүйегінде шығарылады.

Сауда соғысының салқыны

АҚШ-тың өндірістік саласы құлдырап барады. ЖІӨ-дегі үлесі 11 пайызды ғана құраған. Сауда министрлігінің дерегінше, 60-жылдары аталған сала елдегі экономиканың локомотиві саналып, ЖІӨ 25 процентін қамтыған. Содан бергі көрсеткіш айтарлықтай төмендеді. Бұған дейін мемлекет басшысы Дональд Трамп саланы өркендетуге уәде берген еді. Осыдан үш жыл бұрын 500 мың адам жұмыспен қамтылды. Десе де, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы бұл нәтижені жоққа шығарды. Қазір бір айда 55 мың адам жұмыссыз қалып жатқаны жалған емес.

Еліміздегі антимонополиялық комитет өкілдері көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермейді. Қазір ең қымбат баға Орал қаласында тіркелген. Мұнда қатты отынның бір тоннасы 18,5 мың теңгеге сатылып жатыр. Семейде 8 600 теңге шамасында.

Ал Қазақстан қор биржасындағы доллардың орташа бағамы 388 теңге 50 тиынды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы