388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


НАТО тікұшақтары Қазақстанда құрастырылады

  • 259
  • UPD: 12:04, 01.11.2019

Елімізде Н145М әскери тікұшақтары құрастырылатын болады. Бұған дейін Қазақстанда, тіпті Орта Азияда мұндай әскери әуе техникасы өндірілмеген. Заманауи тікұшақты НАТО елдерінің қарулы күштері пайдалануда. Алдағы қыста еліміз де сынап көреді. Сынақ сәтті аяқталса, отандық кәсіпорын әуе технисын құрастыруға кіріседі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Айта кетейін, «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» кәсіпорны соңғы он жылда 31 тікұшақты жинаған. Әрине, оның көбін Қазақстан қарулы күштері қолданды. Енді тәжік және Қырғызстанға тасымалдау бойынша келісім жүргізілуде.

«Қазақтелеком» компаниялар тобы шалғай ауылдарды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтуға мүдделі. Қазір мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ірі жобалар қолға алынып жатыр. Жалпы биылғы жыл компания үшін сәтті болды. 9 айда активтер екі еселеніп, 1,62 трлн теңгеге жеткен. Өнім өткізуден түскен кіріс 298 млрд теңге. Өсім 90 пайызды құрады. Таза пайда 27 процентке артып, 51 млрд теңгеге жетті. Қаржы директоры Асхат Өзбековтің айтуынша, бұл нәтижеге ұялы операторлардың оң көрсеткіштері себеп. «Біз кірістерді арттырып, шығынды бақылауды жалғастырамыз» деді ол. Оның пайымынша, компанияның бизнес тиімділігі инвестициялық тартымдылық пен тұрақтылыққа негіз болады.

Қытайлық  смартфон өндірушілері 6G байланыс жүйесінің логотипін дайындады. Қазір олар дизайнға патент ұсынып үлгерген. Авторлар 2030 жылы жаңа жүйенің қолданысқа енетініне сенімді. Сымсыз интернет жүйесінің 6-толқыны секундына 1 терабит жылдамдықпен жұмыс істейді. Дегенмен, Қытай Оңтүстік Корея, АҚШ, Еуропа елдері сияқты  5G-дің игілігін енді ғана көретін болады. Мамандар байланыс жүйесінің 25 жылда толық қолданысқа енетінін болжайды.

Немістің ірі қаржы орталығы жыл басынан бері 4 млрд евро жоғалтқан. Былтыр ғана акционерлер үлесінен Дойче банкке 455 млн евро түскені белгілі. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында ұйым 832 млн евро шығындады. Бұған банкты қайта құрылымдау себеп болған. Сол арқылы акция сату сияқты табыс әкелмейтін бірқатар операция тоқтатылды. Бірақ, мамандар жағдайдың бақылауда екенін айтады. Осы тоқсанда ұйымға 5,3 млрд евро кіріс кірген. Енді банк ұзақмерзімдік даму стратегиясын қолға алмақшы. Оның аясында 2022 жылға дейін шығындар 17 млрд евроға азаяды. Айтпақшы, банк өкілдері үш жылда әрбір алтыншы қызметкердің қысқартылатынын да жоққа шығармады. Бұл шамамен 74 мың адам. 

Ал Ұлттық банктің хабарлауынша, елімізде эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының саны 30 млн асқан. Ақшасыз төлем 8,9 трлн теңгені құрады. Бүгінде онлайн сервистерде 18 млн жуық пайдаланушы тіркелген және күн сайын 21 млрд теңгеден астам сомаға 1,3 млн операция жүргізіледі екен.

Хабар 24 телеарнасы