388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда азық-түлік шамамен 10 процентке қымбаттады

  • 234
  • UPD: 10:53, 04.11.2019

Статистикаға сәйкес, елімізде нан, ет, балық және теңіз өнімдері, жұмыртқа, май, кондитерлік өнімдер, жаңа піскен жемістер мен көкөністер, алкогольсіз және алкогольді ішімдіктер қымбаттады.

Ал қант арзандады. Бір келі қанттың құны биыл 211 теңге болса, былтыр ол 241 теңгеге саудаланған. Өткен айда қарақұмық жармасының орташа бағасы 265 теңге, сұлы 349 теңге, күріш 382 теңгені құрады. Бұдан бөлек, сүт өнімдері де біршама қымбаттағаны байқалады. Мысалы, дүкендегі бір килограмм ірімшіктің орташа бағасы 1582 теңге, қаймақ – 1088 теңге, айран – 291 теңге, пастерленген сүт – 247 теңге деңгейінде сатылған. Статистика комитеті азық-түлік бағасын тіркеу жекелеген сауда желілері мен ірі қалалардағы орталық базарларда жүзеге асырылатынын хабарлады. Республика бойынша орташа баға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей және  облыс орталықтары мен аудандар деңгейінде айқындалады.

Қазақстандағы алкогольдің 40%-і – контрафактілік өнімдер. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ақпаратына сай, бүгінде аталмыш салада екі ірі бірлестік – «ҚазАлкоТемекі» және «КазСпиритс» жұмыс істейді. Қос ұйым алкоголь өнімін өндіруші және импорттаушы компанияларды біріктіріп отыр. 2014-2018 жылдардағы статистика Қазақстанда алкоголь тұтыну деңгейі төмендегенін көрсетті. Бес жылда арақ өндірісі 18,1%-ке қысқарды. Ал алкоголь өнімдерінің импорты керісінше өсіп, тұтыну нарығының 40 процентін иеленген. Мамандардың айтуынша, статистика алкогольдің заңсыз айналымын есепке алмайды. Сондықтан бұл проблема кәсіпкерлерге кедергі болып отыр.  «ҚазАлкоТемекі» қауымдастығы деректеріне сүйенсек, 35 млн литр немесе арақ нарығының 40%-і заңсыз сатылады. Заңсыз арақтың 58%-і ауылдық жерде, 27%-іқалада саудаланатыны анықталған.  ++цитата

«ҚР қылмыстық кодексіне заңсыз алкоголь өнімін өндіруге, жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сауда субъектілерінің сауда жасау лицензияны қайтарып алғанға дейін шара қолданып, жауапкершілігін күшейту бөлігінде өзгерістер енгізу керек. Өнімді өндіру және сатуға жанама бақылау элементтерді белсенді енгізуге болады. Сатып алынған бөтелкелер және электр энергия шығыны бойынша әр зауыттың өндіріс көлемін есептеуге болады».

2019 жылдың 9 айында  халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы өткен қаржы көлемі 506 млрд теңге немесе 2 миллионнан астам транзакцияны құрады. Аталған соманың басым бөлігі шетелге кеткен. Тоғыз айда Қазақстаннан өзге мемлекеттерге 473 миллиард теңгеден астам сомаға транзакция жасалған. Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің хабарлауынша, штелге ақша жіберушілердің 3%-і Қазақстан Республикасының резиденттері. Ал аударымдардың тең жартысынан астамы таяу шетелдерге -  Ресей Федерациясына 32,3%  және Өзбекстанға 22% жіберілді.  «Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелден 260 млрд теңгеден астам қаржыға 1,2 млн транзакция алынды. Оның 60%-ке жуығы Ресей Федерациясынан және Оңтүстік Кореядан жіберілді делінген хабарламада».

Хабар 24 телеарнасы