388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде дәрі-дәрмек бағасы 8,2%-ке өсті

  • 180
  • UPD: 11:40, 06.11.2019

Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде 56 млрд теңгеден астам сомаға дәрі шығарылған. Бұл туралы energyprom.kz агенттігі хабарлады. Жалпы барлық фармацевтикалық өнім өндірісінің жиынтық көлемі бір жылда шамамен 10 млрд теңгеге артқан. Өндіріс пен бірге баға да өскен. «Дәріханалардағы препараттардың құны 8,2%-ке қымбаттаған», – делінген хабарламада. Әсіресе, витаминдер бір жылда 11,4%-ке, анальгетиктер 10,6%-ке, корвалол мен антибиотиктер 9,3%-ке қымбаттады. Алайда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі балаларға рецептпен берілетін барлық дәрі-дәрмекті медициналық сақтандыру есебінен тегін беруге ниетті. Тағы бір айта кетерлігі, саладағы өндіріс орындарының барлығы дерлік еліміздің 3 өңірінде шоғырланған. Бұл Шымкент, Алматы облысы және Алматы қаласы. Халықаралық талдауға сай, қазақстандық фармацевтика нарығындағы үлес бойынша үздік 15 корпорация тізіміне тек екі компания  кірген.

Қазақстандықтар қандай көлік таңдайды?

Қазақстандық жүргізушілердің  көбі қозғалтқыш көлемі 1500-2 000 текше сантиметрді құрайтын машиналарды таңдайды. Салаға зерттеу жасаған Freedom Finance Insurance мамандары осындай тұжырымға келген. Елімізде тіркелген барлық теміртұлпарлардың жартысына жуығының қозғалтқыш көлемі осындай. Бұл шамамен 1 миллион 711 мың  машина. Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше см. көліктердің көбі Ақмола, Ақтөбе және Атырау облыстарында тіркелген. Екінші орында қозғалтқыш көлемі 1100-1500 текше. см. көліктер. Елімізде мұндай автомобильдердің саны 667 мыңнан асады. Көліктердің осындай түрі Ақмола, Алматы және Жамбыл облыстарының  тұрғындары арасында кең таралған. Бір айта кетерлі, аталған қозғалтқыш көлемі бар автомобильдер «қалалық» деп есептеледі. Себебі, қаладағы көлік иелері үшін машинаның қуаты емес, қанша бензин жұмсайтыны маңызды. Ал көлемі үлкен қозғалтқыштар отынды көп шығындадайды және оған салық та жоғары екенін ескеру керек.

Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см3 көліктер көп өңірлер

Ақмола облысы – 217 459

Ақтөбе облысы – 173 652 

Атырау облысы – 141 520

Қозғалтқыш көлемі 1100-1500 см3 көліктер көп өңірлер

 Ақмола облысы – 77 855

Алматы облысы – 72 989

Жамбыл облысының – 64 221

Отандық лоукостер жаңа ұшақ бағыттарын кеңейтеді

FlyArystan жарты жылда 455 мыңнан астам жолаушы тасымалдаған. Алты айдың жұмысын қорытындылаған компания өкілдерінің хабарлауынша,  рейстердің 93%-і уақытылы орындалған екен. 2019 жылдың 1 мамырынан бастап отандық лоукостер 600 мыңнан астам билетті сатып үлгерді. Олардың ішінде желтоқсанның 13-нен бастап орындалатын Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Султан халықаралық бағыты билеттері де бар. Бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша олардың әуе кемелері 2500 рейс орындаған. Жыл соңына дейін лоукостердің кестесіндегі 10 ішкі бағытқа жаңадан 3 рейс қосылады. Осылайша әуетасымалдаушы Нұр-Сұлтан - Жуковский бағытында ұша бастайды. Ал келер жылдың соңына дейін FlyArystan флоты кеңейіп, реактивті Airbus A320 ұшақтарының саны 10 данаға жетеді деп күтілуде. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл ұшу бағыттарын көбейтіп, Қарағанды мен Ақтөбедегі жаңа әуе базасын іске қосуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы