388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сұранысқа ие көліктер рейтингін Ресейдің автолары бастап тұр

  • 131
  • UPD: 12:18, 07.11.2019

Қазақстанда сұранысқа ие көліктердің рейитінгін Ресейде жасалған темір тұлпарлар бастап тұр. Тіпті олар Жапония, Кореяда жасалған танымал маркаларды басып озды. Ал ресми  Мәскеу көлік экспортын одан әрі көбейтуге ниетті. Ваз көліктері Қазақстаннан басқа қай мемлекеттерге сатылады?

Ресейлік көліктер тек Қазақстан емес, өзге де мемлекеттеде сұранысқа ие. Оны экспорт көлемінің бір жылда 30 процентке артқанынан ақ байқауға болады. толығырақ сәлден кейін

Ресейде жасалған әрбір төртінші көлік Қазақстанға экспортталады. Десе де ресейлік темір тұлпарлардың негізгі тұтынушысы Беларусь мемлекеті. Соңғы кезде Түркия, Чехия, Өзбекстан және Қытай азаматтарының да осы елде құрастырылған көлікке қызығушылығы артқан. Басым бөлігі жеңіл автөклікті таңдайды. Алайда отандық өнімге жергілікті халықтың сұранысы төмен. Сарапшылардың айтуынша, жыл сайын экспорт көлемі арта бермек. Биылдың өзінде ресейлік машина жасаушылар шет елдерге 70 мың жаңа көлік сатты. Әрине өсімнің артуына автозауыттарды қолдауға бағытталған мемлекеттік жүйе оң әсер етті. Яғни Ресей үкіметі отандық автоөндірушілерге төрт жарым миллиард рубль бөлген.

АҚШ пен Қытай экономикасы өзара сауда соғысы салдарынан ондаған миллиард доллар пайдадан қағылды. Биылдың өзінде америкалықтардың Қытайға экспорты 15,5 процентке, ал бұл елден импорты 13 жарым процентке кеміді. Әсіресе пайдалы табиғи кеннің экспорты 2017 жылмен салыстырғанда 65 процентке кеміді. Орман және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатылымы 3 есеге азайды. Сауда соғысынан қытайлық кәсіпкерлер де зиян шегіп отыр. Мәселен кеңсе техникасын жасайтын кәсіпорындар 10 миллирд АҚШ долларындай шығынға батты. Америкалықтар қытайлық тауардың орнына қажетті сұраныстың үштен екісін тапқан. Қазірде АҚШ-қа Тайвань, Мексика және Еуропа одағының елдері мен Вьетнам және Жапония мемлекеттері жаңа серіктес ретінде жұмыс істей бастады. 

Келер жылдан бастап елімізде егіс алқаптарын сақтандыру міндеті жойылады. Яғни, егістікті сақтандыру немесе сақтандырмау шаруалардың өз еркінде. Оның үстіне дихандар қандай сақтандыру компаниясымен жұмыс істейтінін өзі таңдайды. Бұған дейін «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру» заңы бойынша бір гектарға орта есеппен 80-120 теңге тариф белгіленген болатын. Егер егін толық өнбей қалса Солтүстік Қазақстанның диқандары 3000-4000 теңге өтемақы алатын. Яғни шығын мүлде қайтпайды. Ал ерікті сақтандыру бойынша нарықтық тариф енгізіледі. Болжам бойынша солтүстік өңірлерде бидай алқабын сақтандыру тарифі әр гектарға орта есеппен 1000-1500 теңге болуы тиіс. Осыған келісіп егісін сақтандырғандарға мемлекет соманың тең жартысын субсидия ретінде қайтарады.  Мәселен, сақтандыру компаниясына әр гектар үшін 1500 теңге төленсе, мемлекет соның 750 теңгесін диханға  қайтарып береді. Ал егін түгел шықпай қалса, әр гектар бидай алқабы үшін фермер сақтандыру компаниясынан 30 мың теңге өндіріп алады. Заңдағы өзгертулер аграрлық ғылымның дамуына да бағытталған. Егер шаруа қожалығы ғылыми зерттеу жұмыстарына ақша салса, ол шығынның 80 процентін мемлекет өтейді.

Еуразиялық даму банкі мен Кэй-Ви Enterprises жауапкершілігі шектеулі серіктесік Ақмола облысында күн электр станциасының құрылысын қаржыландыруға келісім берді. Жоба құны 65,2 миллион еуроны құрайды. Ол жыл сайын Қазақстанның энергожүйесіне 150 миллион киловат сағат электр қуатын береді. Жаңартылған энергия өндіретін станцияға «Хевел» компаниясының құрылғылары орнатылмақ. Жоспар бойынша баламалы қуат көзін өндіретін станция келер жылы іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы