Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жаңа автозауыт салынуы мүмкін

  • 240
  • UPD: 12:18, 08.11.2019

Елімізде машина жасайтын жаңа зауыт салынуы мүмкін.

Оның жобасы Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында таныстырылады.

Автозауыттың жобасын «Бипек Авто» мен «Азия Авто» компаниялары бірлесіп жасаған. Оны дамыту үшін қазірдің өзінде 80 миллион АҚШ доллары бөлінді.

Қазақстанда автокөлік өндірісі артады. Осы мақсатта жылына 60 мың темір тұлпар шығаратын машина жасау зауыты салынуы мүмкін. Оның жобасы Омбы қаласында өтіп жатқан XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында таныстырылады. Толық циклді зауыттың құрылысын «Бипек Авто» мен «Азия Авто» компаниялар тобы өз бюджетінен қаржыландырмақ. Қазірдің өзінде Қазақстан автонарығындағы қос алып жобаны жүзеге асыруға 80 миллион АҚШ долларын бөлді. Мұнда жасалған машиналар Қазақстанмен қатар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығына бағытталады.

Айта кетейік, соңғы жылдары мемлекет отандық автоөндірушілерді қолдауға басымдық беріп келеді. Осы мақсатта 2015 жылы көліктерді жеңілдетілген несиемен сату бағдарламасы іске қосылды. Бүгінге дейін оған 42 миллион теңге бөлінді. Бұдан бөлек, Ұлттық банк қазан айында автокөлікті несиелеуге жүз миллиард теңге бөлді. Бұл қаржы бес жылда кезең-кезеңімен игеріледі.

 

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 32200 теңге болды

Қазан айында еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 мың 200 теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ке жоғарылаған. Тиісінше тауар мен қызмет түрлерінің бағасы да 5,5%-ке өсті. Өңірлер бойынша айтар болсақ, ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді. Мұнда ең төменгі күндөріс деңгейі – 39500 теңге, яғни республикалдық орташа көрсеткіштен 22,8%-ке көп. Сондай-ақ үштікке Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары кіреді. Ал күнкөріс деңгейі төмен өңірлерге Павлодар, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады.

 

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналым 6%-ке артты

Биылғы тоғыз айда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналым 6%-ке өсіп, 3,4 миллиард АҚШ долларына жетті. Алғашқы жартыжылдықтың өзінде франциялық кәсіпкерлер Қазақстан экономикасына 537 миллион доллар тікелей инвестиция құйған. Бүгінде еліміздегі түрлі салада франциялықтардың қатысуымен 230 кәсіпорын жұмыс істейді. Әсіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы және машина құрастыру саласында жиі кездеседі. Осылайша, ресми Париж Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің біріне айналды. Жалпы тәуелсіздік алғалы бері Франция Қазақстан экономикасына 16,4 миллиард доллардан астам инвестиция құйған.

 

Қазақстан нарығына АҚШ инвесторларының қызығушылығы артты 

Қазақстан нарығына АҚШ инвесторларының қызығушылығы артып келеді. Биыл маусым айының қорытындысы бойынша АҚШ-тың Қазақстанға жинақтаған инвестициясы 36 миллиард долларды құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17%-ке көп. Қыркүйектің соңындағы мәліметтерге қарағанда, елімізде америкалық кәсіпкерлермен бірлескен 382 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 335-і шағын, 19 орта және 29-ы ірі компания санатында. Жалпы инвестицияның 94%-і тау-кен өндірісіне бағытталған. Яғни 34 миллиардтай қаржы осы салаға жұмсалды. Ал 2,7%-і қаржы және сақтандыру саласына құйылған. Америкалықтар үшін тартымды болған үшінші сала – ғылыми-техникалық бағыт. Бұл салаға жалпы инвестицияның 1,4%-і жұмсалған.

Қазақстан қор биржасында бір доллар 389 теңге 4 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 390 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы