384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық газ экспортының көлемі төмендеді

  • 344
  • UPD: 16:37, 13.11.2019

Қазіргі уақытта ақылы жолдар бойынша мемлекеттік қарыз есебінен шетелдік компаниялармен бірге жеті жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл мұндай жолдардың ұзындығы мың шақырымға жуықтайды. Осылайша қаржыландыру көлемі 100 миллиард теңгеден асады. Сондай-ақ, желтоқсан айында Нұр-Сұлтан – Павлодар автожолы толық пайдалануға беріледі. Жобаны бір жыл бұрын аяқтау жоспарланған. Алайда жауапсыз мердігер мекеменің кесірінен аталған учаскенің құрылысы әлі біткен жоқ. Ал бұл жобамен айналысқан ирандық компания қара тізімге енгізілді. «ҚазАвтоЖол» компаниясы өкілдерінің айтуынша, Нұр-Сұлтан – Павлодар жолының төрт бөлігінде құрылыс жұмыстары аяқталған жоқ. Аталған жол бөлігі келер айда толық тапсырылады.

Отандық газ экспортының көлемі төмендеді

2019 жылдың 10 айында Қазақстанның газ экспорты көлемі төмендеді. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты. Оның дерегінше, тауарлық газ өндіру көлемі 27,12 млрд текше метр болды. Бұл 2018 жылдың 10 айындағы көрсеткіштің 98,6 пайызына тең. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 11,8 млрд текше метрді құрап, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға өскен.

АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек сауда бағасы – 148,5 тг

Сондай-ақ, бірінші вице-министрдің айтуынша, Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды. Оның атап өтуінше, негізгі мұнай өнімдері – бензин, дизель отынын, әуе отынын және мазутты өндіру көлемі 10,5 млн тоннаны құрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 10,2 проценттен асады. Қараша айы басында Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек сауда бағасы ел бойынша 148,5 теңгені құрады.

Ұлттық қор активтері 26 трлн 320 млрд теңгеге жетті

Ұлттық қордың активтері 26 трлн 320 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы жайында баяндаған ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Оның дерегінше, республикалық бюджетке түсетін кірістер 5 трлн 285 млрд теңге сомасында немесе есепті кезеңге арналған жоспарға 100 пайыз жиналды. 2018 жылдың 10 айымен салыстырғанда 771 млрд теңгеге өсті. Негізгі өсім: қосылған құн салығы 443 млрд теңге, корпоративтік табыс салығы 194 млрд теңге, халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша 105 млрд теңге. Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 74 млрд теңгеге асыра орындалды және 2 трлн 27 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 140 млрд теңгеге өсті. Бұл негізінен салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Кірістер жоспары Маңғыстау облысын және Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда, барлық өңірлерде асыра орындалған.

Хабар 24 телеарнасы