380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жеміс пен көкөніс шырыны қымбаттады

  • 404
  • UPD: 10:54, 14.11.2019

Бір жылдық баға өсімінің көрсеткіші 9%. Былтыр отандық өндіріс көлемі шамамен 99 млн литр болса, биылғы қарқын 45,1%-ке немесе 54,3 млн литрге дейін төмендеген.

Бұл туралы Energyprom.kz порталы хабарлайды.

Отандық шырын өндірісі біршама бәсеңдеген. Мәселен, қызанақ шырыны былтырғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 20%-ке, апельсин шырыны 8,5%-ке, ал алма сусыны бірден екі есеге аз шығарылған. Былтыр қазақстандық өндірушілер аталған өнімнің 123 млн литрін шығарса, алдыңғы жылы 152,6 млн литр шырын өндірілген. Осыған байланысты импорт көлемі жыл басынан 12,5%-ке ұлғайған. Отандық компаниялар елдегі сұраныстың шамамен тең жартысын ғана қамтамасыз етіп отыр. Ал импорттаушылардың проценттік үлесі өткен жылы 19,8% болса, биыл 34,5%-ке өскен. Сұраныс мөлшері де азайыпты: жеміс-жидек пен көкөніс шырынын ішкі нарықта сату көрсеткіші жыл ішінде 36%-ке түскен. Қызығы сол, 5% инфляция жағдайында сұраныс азайғанымен, баға түспей тұр. Соңғы 9 ай қорытындысы бойынша алкогольді сусындар құны 7%-ке өссе, шөл басар шырын бағасы 8,8%-ке өскен.

 

СҚО-да нан қымбаттады

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан ұн бағасы 23,2%-ке өссе, нан құны 18,4%-ке жоғарылады. Осылайша, биыл күзде елімізде бидай осымен екінші рет қымбаттап отыр. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы қыркүйек айында 3 сортты бидайдың тоннасын сапасына қарай 76 мың теңгеге дейін алса, қазір астықтың бір тоннасына 85 мың теңге беріп отыр. Бұл нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің бағасына әсер етпей қоймасы анық. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл ұннан пісірілетін кондитерлік өнімдердің бағасы 6,6%-ке, макарон өнімдерінікі 6,4%-ке артқан. Облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов нан бағасын бір қалыпта ұстау үшін елді мекендердегі шаруашылықтарда наубайханалардың жұмысын жандандыруға кеңес берді.

 

Қолма-қол ақшасыз төлемдер тексерілуі мүмкін

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қаржы министрлігінің қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеруге қатысты ұсынысына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы орайда ол бұл үрдістің дұрыс екенін және ақшаның «көлеңкелі» айналымнан шығарылатыны туралы атап өтті. Осыған байланысты Ұлттық банк басшысы еліміздегі банктердің бірі жүйе ішіндегі төлемдер бойынша ең озық қадамдарды енгізіп жатқанын тілге тиек етті. Бұл ретте банк Қаржы министрлігінің арнайы терминалдарды енгізуге қатысты мәселені шешуге дайын екенін жариялады.

Сондай-ақ Ерболат Досаев отандық банктердің шетелдік қаржы мекемелерімен бәсекелестікке дайын екенін және отандық несие беру орталықтарының экономикалық қабілетіне қатысты күмән келтіруге, алаңдауға еш себеп жоқтығы туралы қоса айтты.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы теңге тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы