421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықтың банктерден кредит алуы артты

  • 869
  • UPD: 11:58, 25.11.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда швейцариялық инвесторлардың қаржылық демеуі арқылы инновациялық өндіріс құруға, жоғары технология, энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина, фармацевтика салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға үлкен сұраныс бар екендігін айтты. Машина жасау, химия, тамақ өнеркәсібі, көлік пен логистика, туризм, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың келешегі зор екендігіне назар аудартты.

Өз кезегінде Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер Қазақстанның Швейцарияға қарағанда адами капитал жағынан басымдығы бар екендігін айтты. 

Алматының шеткі аудандарын дамытуға 800 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы өткен жұмадағы брифинг барысында қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, «Алматы-2050» стратегиясы қаланың барлық өңірлерінің дамуын, тұрғындардың өмір сапасының артуын көздейді. Қаражат Алатау және Наурызбай ауданында инфрақұрылым желілерін жүргізуге жұмсалады. Айта кеткен жөн, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мұның алдында қаланың 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын жариялаған болатын. Құжатқа сәйкес, қала 30 жылда 7 бағыт бойынша дамитын болады. 

Биыл азаматтардың тұтынушылық және ипотекалық несиелер көлемі шамамен 6 процентке өсіп, 13 трлн теңгеден асты. Ранкинг.кз порталы ұсынған деректер бойынша тұтынушылық несие үлесі 30 процентті құрап, 700 млрд теңгеге өскен. Қазақстандықтардың аталған қарызының мөлшері шамамен 4 трлн теңге. Ал ипотекалық несие көлемі 400 млрд теңгеге жоғарылады. Қызығы сол, кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктерден несие алу көрсеткіші 500 млрд теңгеге түскен. Қарқынның бәсеңдеуі құрылыс пен реконструкция салаларында да байқалады.  

Майкрософт компаниясы қытайлық Хуавей компаниясының жаппай нарығына бағдарламалық жасақтама экспорты үшін лицензияға ие болды. АҚШ-тың Сауда министрлігі өзге де америкалық компанияларға осындай мүмкіндіктер ұсынып жатқандығы туралы хабарлады. Лицензия алуға шамамен 300 өтінім келіп түскен. Оның төрттен бір бөлігі бүгіннің өзінде мақұлданып қойды. Сарапшылардың санауынша, бұл жеңілдік екі тарап үшін сауда соғысындағы жеңіспен пара пар. Өйткені қос алпауыт арасындағы осынау келісімді сауда соғысынан кейінгі алғашқы ымыралы қадам деп атауға болады. 

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 385 теңге 1 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 386-387 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы