426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әуежайы қаншаға саудаланды?

  • 870
  • UPD: 10:42, 28.11.2019

Алматы халықаралық әуежайын TAV Airports компаниясына сату бойынша мәміле 2020 жылы аяқталады. Аэропорттың қаншаға саудаланғаны әзірге белгісіз. Алайда оның жаңа иесі жаңа халықаралық терминалға 150 млн еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр. TAV Airports басшысы Сани Шенердің айтуынша, бұл әуежайдың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындары ашылып, жолаушылар ағыны 1 миллион адамға арттырады деп күтілуде. 

«Авиация саласында үш негізгі ойыншы бар. Олар: ұшақ өндірушілер, авиакомпаниялар және әуежайлар. Алайда мемлекеттік басқарудағы әуе айлақтары дамуы жағынан артта қалып жатады. Сондықтан әуежайларды жекеменшікке берген жақсы».  Сани Шенер, TAV Airports компаниясының бас директоры

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл тоғыз айда өңделген өнімдер экспорты 757 млн долларды құрады. Оның 580 млн доллары – ұн, өсімдік майы, сүт, кондитерлік өнімдер, балық, шоколад, макарон және құс еті. Бұған дейін министрлік өкілдері ауыл шаруашылығы шикізатынан дайындалатын азық-түлік өндірісінің көлемі артып,  шамамен 1,2 трлн теңгеге жеткенін айтқан. Жалпы биыл өңделген өнім экспорты өткен жылғы деңгейден асып түсті. Жыл аяғына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі дайын өнім экспортын 1,3 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр.  

Ресейде банк карталарынан жасалатын ақша ұрлығымен күресудің жаңа жолдары енгізілмек. Ол үшін шот иелерінің назарынсыз жүргізілетін күмәнді ақша аударымдарын бұғаттайтын арнайы жүйесі құрылады. Бірыңғай мониторинг жүйесі «Мир», Visa және MasterCard төлем жүйелері арқылы күдікті операцияларды қадағалауға мүмкіндік береді. Заңсыз аударымдар автоматты түрде анықталып, кейін қолмен тексеріледі. Сондай-ақ ресейліктерге алаяқтардың есепшотынан сотсыз ақша қайтару мүмкіндігі қарастырылуда. Сарапшылардың айтуынша, банктер клиенттер туралы ақпаратпен бөліспейді. Бұған қоса мамандар жаңа жүйе іске қосылғанда көптеген заңды транзакцияларды бұғаттайды деп қауіптенеді.

Хабар 24 телеарнасы