423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин еліміздің импорт тәуелділігін толық жоюға шақырды

  • 672
  • UPD: 11:04, 04.12.2019

Алдағы 5 жыл ішінде республиканың импорт тауарға тәуелділігін толық жоюымыз керек. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында Премьер-Министрі Асқар Мамин осылай деді. Оның айтуынша, мемлекеттік қолдауды өзектендіруді көздейтін тәсілдер нақты нәтижеге бағытталуы тиіс.

Субсидия бойынша бөлінген әрбір теңге нәтиже беруі керек. Суармалы егіншілік пен жем-шөп өндірісін дамыту - негізгі міндет болуы тиіс. Сонымен қатар премьер-министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың шаруаларға мемлекеттік субсидиялар бойынша берешекті жою ұсынысын қолдайтынын айтты. 

Осылайша мемлекет шаруаларға мал шаруашылығын субсидиялау бойынша 36 млрд 800 млн теңге берешек. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған ақпарат осындай. "Үкіметтің инвестициялық субсидиялар бойынша 28 млрд 500 млн теңге сомасындағы борышты жабуға қолдау көрсеткеніне алғыс білдіргім келеді. Сонымен қатар, бізде мал шаруашылығын субсидиялау бойынша 36 млрд 800 млн теңге сомасында берешек бар", - деді министр. Ведомство басшысы инвестициялық субсидиялар бойынша 11 млрд 700 млн теңге сомасындағы борыш қалдығы бар екендігін де атап өтті. "Осы субсидияларға деген қосымша қажеттілік бірнеше жылдан бері созылып келеді. Қолдауыңызды сұраймыз, өйткені бизнес мемлекеттік қолдауға сенім білдірді. Өздерінің бизнес-жоспарында осы субсидияларға арқа сүйей отырып, агро-өнеркәсіптік кешенге инвестиция салынды", - деді ол. Осы жағдайға қатысты кәсіпкерлер не дейді? 

Айдарбек Қожаназаров, кәсіпкер:

- Біздің холдингте 7 мыңдай адам жұмыс істейді. Сондықтан да барлық болып жатқан, еншізіліп жатқан іс-шараларға біз куәміз. Өзіміз қолдаймыз. Екіншіден осы болып жатқан іс-шаралар бизнеспен бізбен бірге ақылдасып, ой пікір алмасып шығарып жатқан шаралар. Сондықтан да бұл мүлдем болмаған зат. Соған біз өте қуаныштымыз және қолдаймыз. 

Ал микро және шағын бизнес субъектілері 2020 жылдан бастап, табысқа салынатын салықтан 3 жылға босатылады. Кеше Үкімет отырысында «Салық және кедендік әкімшілендіру» туралы баяндама жасаған премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деді. Бірінші вице-премьердің айтуынша, шағын және орта бизнес субъектілеріне 3 жыл мерзімге тексеру жүргізуге мораторий енгізіледі. Кедендік тексеру, қарама-қарсы салық тексеру, қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан және салық төлеушінің өтініші бойынша өзінің қызметіне қатысты тексерулер тиылады. 

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында қараша айының соңына дейін 249 млрд 700 млн теңге сомасына 22 мың 94 өтінім қабылданды. Оның ішінде 148 млрд 400 млн теңге несиеге 12 мың 955 өтінім мақұлданды", - деп хабарлады Ұлттық банк. Еске сала кеткен жөн, "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ азаматтар ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7%-ті құрайды. Ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна - 20%-тен басталады. Несие мерзімі - 25 жыл, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Хабар 24 телеарнасы