418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бюджеттің өсуіне тауарлар мен қызмет ақысының қымбаттауы себеп болды

  • 692
  • UPD: 09:53, 16.12.2019

Мемлекеттік бюджеттің өсуіне тауарлар мен қызмет ақысының қымбаттауы да себеп болды. Сондай-ақ экспорттық тауар бажының болжамға қарағанда 5 долларға жоғары болуы өз әсерін тигізді. Есептік кезеңде  жергілікті бюджеттерге 1 триллион 521 миллиард теңге нысаналы трансферттер бөлінді. Десек те, оның 54 миллиард теңгесі игерілмеді. Игерілмеудің ең ірі сомалары Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында байқалады. Ал Атырау мен Манғыстау облыстарының әкімдіктері 3 млрд теңгеден мақсат бойынша жұмсап үлгірмеген.

Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында күннен қуат алатын электр станция іске қосылды. Ол сағатына 50 мегаваттқа дейін баламалы қуат бере алады. Жобаның жалпы құны 23 миллиард теңгені құраған. Жалпы ауданы 150 гектар жерді алып жатыр. Мамандардың айтуынша, күн электр станциясы экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы. Және өз құнын жүз пайыз ақтайтын тиімді қондырғы. Оның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында және белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес. Айта кету керек жобаның іске асуы арқасында 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкі елімізде жел электр станциясын салуға 46 миллион доллар қарыз берді. Жоба құрылысына жұмсалатын несиелік транш келер жылдың тамызына дейін толық берілуі тиіс. Айта кету керек, бұл Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қазақстандық жобаға берген алғашқы қарызы. Бұған дейін қаржы орталығы Орталық-Оңтүстік тас жолы мен Қарағанды облысында күн электр станциясын қаржыландырмақ болған. Алайда ол кезде қарыз өзге халықаралық банктерден алынды. Мәліметтерге қарағанда жаңадан салынатын станцияның жобалық құны 136,2 миллион доллар. Бұған дейін Visor Holding өкілдері Жаңатас жел электр станциясы келер жылдың көктемінен бастап іске қосылатынын хабарлаған. Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкі мен қытайлық Envision-ның қоладуымен жүзеге асты.

Биылғы 11 айда Құрық порты жүк тасымалынан 1,6 миллиард теңге пайда тапты. Еліміздің теңіз айлағы арқылы жалпы салмағы 1,2 миллион тонна жүк тасымалданды. Оның 760 мың тоннасы импорт, ал 485 мың тоннасы экспорттық тауарлар. Ал жалпы порттың жобалық қуаттылығы 6 миллион тоннаны құрайды. Қазақстанның теңіз қақпасы саналатын порт осыдан 3 жыл бұрын ашылды. Содан бері айлақтан мың 394 кеме жүріп өтті. 4,3 миллон тонна жүк қайта тиелді. Қазір мұнда 2 теміржол, 1 автомобиль жолы паромдық кешені жұмыс істейді. Азия мен Еуропаны теңіз арқылы жалғайтын су жолындағы паромда 200 ге жуық адам жұмыспен қамтылған.

Серік Ахметов, Құрық портының бас директоры:

- Қазіргі уақытта қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химиялық заттар Құрық портының паром кешені арқылы экспортталады. Порт арқылы түрлі жабдықтар, электроника, тоқыма, химиялық өнімдер, металл бұйымдары және тағы басқалар өтеді. Тұтастай алғанда, порттың теміржол және автомобиль инфрақұрылымы Құрық порты арқылы Әзербайжан мен Грузияға, Түркиямен Шығыс Еуропаға жіберуге мүмкіндік береді. Жалпы мұнда паром кешені іске қосылғалы кіріс 4 миллиардтан астам теңгені құрады. 

Биылғы 10 айда Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен арадағы сауда айналымы 16 миллиард 645 миллион АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 процентке көп. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда биыл Қазақстанның экспорты 1,8 процентке азайып, 5 миллиард долларға жуықтады. Алайда импорт 1,3 процентке артып, 11 жарым миллиар АҚШ долларынан асты. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен жасаған жалпы сауданың 92 проценті Ресеймен болған. Ал қырғыз республикасымн  4, Беларусьпен 3,6, Армениямен 0,1 процент. Қазақстанның одақ елдеріне жасаған экспортының 40 проценті минералды заттар. Металл мен металл өнімдері 26,6 химия өнеркәсібінің тауарлары 13 жарым мал шаруашылығы мен өсімдіктен жасалған дайын таурадың үлесі 10 прцентті құрайды. Қазақстанға бұл елдерден әкелген тауардың 26,6 проценті көлік пен тасымал құралдарына тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы