417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 400 шақырым жол ақылы болады

  • 587
Қостанай облысында 400 шақырым жол ақылы болады

2020 жылдың қаңтарынан бастап Boeing әуекомпаниясы 737 Max сериялы әуе лайнерлері өндірісін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл хабар компания акцияларының құнына да әсер ететіні анық.

Компания ұшақ өндірісін тоқтатады деген хабардан кейін оның акциялары 4,5 процентке төмендеген. Соңғы жылдары болған екі ірі әуе апатына байланысты Boeing ұшақтарын пайдалануға шектеу қойылғаны да белгілі. Алайда компания ұшақ өндірісін тоқтатпаған. Қазір кәсіпорын меншігінде 400 әуе кемесі бар.

Boeing 737 MAX ұшақтарының өндірісі тоқтауы мүмкін

Биыл қазан айында Boeing компаниясы 737 MAX ұшақтары жыл аяғына дейін қайтадан ұшатынын мәлімдеген. Алайда өткен аптада АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы 2020 жылға дейін оның ұшуына рұқсат етілмейтінін хабарлады. Бұдан кейін компания акциялары 4,5 процентке төмендеп кетті.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында Boeing 737 MAX ұшағы Индонезияда содан кейін 2019 жылдың наурызында Эфиопияда апатқа ұшырады. Тергеушілер ұшақтың басқару жүйесінде ақау барын анықтады. Бұдан кейін дүние жүзінің көптеген елі оны қолдануға тыйым салды. Ал күзде қазақстандық тасмалдаушы Air Astana компаниясы Boeing ұшақтарын сатып алатынын хабарлаған. Компания жалпы құны 3,6 млрд долларды құрайтын Boeing 737 MAX маркалы 30 ұшаққа тапсырыс бергенін мәлемдеді. Әуе кемелері FlyArystan лоукостерінің паркін толықтырады делінген хабарламада.

Қостанай облысында 400 шақырым жол ақылы болады

2020 жылдан бастап Қостанай облысы аумағындағы 400 шақырым жол ақылы болады. Бұл туралы «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалының директоры Андрей Горват мәлімдеді. Оның айтуынша, келер жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізіледі. Ал оның сапасын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Биыл аймақта Денисов - Қостанай бағытындағы 48 шақырым жол жөнделе бастады. Өңірлік филиал басшысы бұл жол бөлігі 2020 жылы ашылатынын хабарлады. Жалпы «Қазавтожол» акционерлік қоғамының облыстық филиалы биыл 9,4 млрд теңгеге жол жөндеген.

Қазақстандықтар алтынға 10$ млрд инвестиция құйған

Қазақстандықтар алтын құймаларына 10 миллиард доллар инвестиция құйған. Ұлттық банктің хабарлауынша, елімізде құнды металға деген сұраныс артқан. Биыл ел азаматтары 426 киллограм алтын сатып алған. Негізінен салмағы 10 грамм құймалар халық арасында сұраныс тапқан. Айта кету керек, қазақстандықтар алтын құймалардан бөлек инвестициялық монеталарға да қаржы құяды. Ұлттық банк ақпаратына сай, 2018-2019 жылдары банк филиалдары 1,5 мың алтын және 2,7 мың күміс монеталарды сатқан. Алтыннан жасалған инвестициялық монеталар негізінен Нұр-Сұлтанда, ал күміс монеталар Алматыда көп сатылған.

Қытай АҚШ тауарларына баж салығын енгізуді кейінге қалдырды

Қытай 15 желтоқсанға жоспарланған АҚШ-тан импортталатын тауарларға жаңа баж салығын енгізуді кейінге қалдырды. Жаңа баж салығы АҚШ-та шығарылатын автокөліктер мен көлік жабдықтарының құнына әсер етеді деп болжанған. Өз кезегінде, АҚШ президенті Дональт Трамп Вашингтон қытайлық тауарларға баж салығын салмайтынын хабарлаған. Трамптың сөзіне қарағанда, АҚШ пен Қытай өзара келісімге келді. Сондай-ақ ол Қытай тарапы ауыл шаруашылығы өнімдері мен өндірістік тауарлар сатып алудағы жүйелі өзгерістерге келіскенін айтты.

Қазақстан қор биржасында доллар құны 383 теңге 95 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 384 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы