430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдегі ең қымбат шырша бағасы қанша?

  • 1234
  • UPD: 10:35, 23.12.2019

Екі жарым мыңнан бастап 2 млн теңгеге дейін. Жаңа жыл қарсаңында саудаланып жатқан жасанды шыршалардың бағасы осындай.

Қызығы сол, жасандысы тірісінен қымбатырақ екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арзан жасанды шыршалар Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында сатылады. Ондағы баға 2 жарым мың мен 4 мың теңге аралығында саудаланады. Ал Түркістан мен Қызылордада жасыл атрибут құны шамамен екі есе жоғары – 7 мың теңге. Елордада болса, таңдау көп – 8 жарым мың мен 2 млн теңге аралығында. Ал тірі өсімдік бағасы 1 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін барады. 

Әлемдегі ең қымбат жасанды шырша бағасы – 15 млн 300 мың доллар. Испанияның Марбелья қаласында «Кемпински Байя» қонақ үйінде орналасқан. Биіктігі 6 метр. Сваровски кристалымен және сапфир мен гауһартас сынды қымбат зергерлік бұйымдармен безендірілген. Белгілі дизайнерлердің аксессуарлары да бар. Ал домалақ ойыншықтардың орнында страус жұмыртқалары ілінген. Сырты алтын пластинкалармен және алмаз ұнтақпен қапталған. Жасыл өсімдік тәулік бойы күзетіледі.

 

Жаңа көші-қон қызметі

Қазақстандықтар шетелдік меймандарды көші-қон қызметіне тіркемей, елге тек 5 күнге шақыра алады. Ол үшін визалы-миграциялық порталға кіріп, электрондық қызмет түрін пайдалануға болады. Ішкі істер министрлігі ұсынған қызмет құны 1 мың 262 теңге. Кез келген азаматқа қолжетімді.

Еске сала кеткен жөн, бұрын аталған қызмет түрін алу үшін бірнеше құжат тапсырып, шамамен бір ай күту керек болатын. Енді сервис жеңілдетілді.

 

Жалақысы $85 мың жұмысқа орналасқыңыз келсе...

Жер шарының Оңтүстік полюсінде яғни Антарктида станцияларының бірінде ұсынылып отқан жұмыстардың орташа жалақысы 85 мың АҚШ долларына дейін барады. Австралияның антарктикалық бөлімі 150 бос жұмыс орнын жариялады. Тамақ пен жатын бөлмеге кететін шығынды компания өз мойнына алады. Жалақымен қатар арнайы жәрдемақы да төленеді. Мысалы, дәрігердің жалақысы 199 мың доллар. Ал оған қосылатын жәрдемақы – 61 мың доллар. Сантехник, электрик, ұста мен IT-маманға 90 мың доллардан төленеді. Осылайша, ғылыми база персоналы 100 қызметкерге жетеді. Ал қыс мезгілінде персонал құрамы 25%-ке қысқартылады.

 

Смартфондар нарығында Apple көш бастап келеді

Смартфондар нарығында Apple көш басынан түсер емес. Корпорацияның табығы бұрынғыдай жоғары болмағанның өзінде, нарықтағы жалпы пайданың 66%-і америкалық брендке тиесілі. Тұтынушылардың көбі АҚШ, Еуроодақ және Жапония азаматтары. Олардың едәуір бөлігі тістелген алма белгісі бар көне смартфонның өзін өзге брендтер ұсынып отқан жаңасына ауыстырғысы келмейді.

Айта кеткен жөн, смартфондар нарығындағы жалпы табыстың қалған 34%-і Samsung, Huawei, Oppo, Vivo мен Xiaomi-ге тиесілі. Әрине, мұндағы 50%-тік үлес кореялық алпауаттың еншісінде.

 

Әлемдегі ең табысты жазушы кім?

Әлем бойынша табысы ең жоғары жазушылардың көшін Джоан Роулинг бастады. Forbes журналының жазуы бойынша британдық поэтессаның жылдық табысы 92 млн долларға тең. Мұнда кітаптармен қатар Гарри Поттер туралы қойылымдар мен тақырыптық саябақтарға сатылған билеттер де есепке алынды. Екінші орында америкалық жазушы – Джеймс Паттерсон. Табысы 70 млн доллар. Үштікті АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обама түйіндеді. «Бикамиң» атты еңбегі 36 млн доллар пайда әкелген.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 382 теңге 99 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 384-385 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы