419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі әуе тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті

  • 755
  • UPD: 11:12, 24.12.2019

Жыл басынан бері отандық әуе компаниялары 8 млн-ға жуық жолаушыны тасымалдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері еліміздегі әуе тасымалдаушылар 7,9 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл – егемендік алғалы қол жеткізілген айтулы көрсеткіш. Елдегі әуежайлар қызметіне 15 млн адам жүгінген. Жаңа жылға дейін олардың саны тағы млн-ға артады. Мамандар жыл сайын жолаушыларға қызмет көрсету үлесі 10 процентке артады деп болжауда. Оған таяуда іске қосылған «ашық аспан» режимі негіз болмақ. Бүгінде 11 отандық әуепорты аталмыш режимге қосылған. Нәтижесінде Польша, Малайзия, Беларусь, Кувейт және Оманға жаңа бағыттар ашылмақ. Бұл арқылы жолаушылар ағыны артады. Жалпы жыл басынан бері әуе компанияларының кірісі 369,2 млрд теңгеге жетті. Бұл 16 процентке артық көрсеткіш. Оның дені жолаушылар тасымалынан түскен.

Әлемдегі ірі әуе компаниясы жүгеріден жасалған отынды пайдаланбақ. Delta Air Lines Gevo биоотын өндірушілерімен келісім жасады. Олар жыл сайын 10 млн галлоннан 39,4 млн литр жасыл отын сатып алады. Осылайша, Атлантадағы әуе компания алдағы 30 жылда атмосфераға түсетін зиянды қалдықтарды 50 процентке азайтуды көздеп отыр. Дегенмен мұндай отынның экологиялық тиімділігі 75% асады. Әуе компаниясының аға вице-президенті Грэм Бернеттің айтуынша, саладағы ең көп шығын әуе отынына жұмсалады екен. Ал жаңа бастама айтулы нәтиже беруі керек. Қайта өңделген жүгеріден реактивті отын және даланы құнарландыруға арналған өнім алынады. Күтілген жетістікке қол жеткізген бойда-ақ, бір жылда қолданылатын әуе отынының 10 проценті алмастырылады. Биоотын Миннесота штатында өндіріледі. Ірі әуекомпаниясы өнімді 2022-2023 жылдары сынап көрмек. Бұған дейін Норвегия, Швеция, Финляндиядағы әуекомпаниялар да келесі жылдан бастап биоотынға көшетінін хабарлаған. Дегенмен қаржылық шығынның көбеюіне байланысты билеттің қымбаттауына әкеп соғатыны ескертілді.

Отандық өндірушілер әлемдік сауда алаңдарынан орын алады

Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту бойынша жол картасы дайындалып жатыр. 2025 жылға қарай бөлшек тауар айналымының 10 процентін аталған үрдіс қамту керек. Қадамдар да қарымды. Мысалы, «Алтын жеткізуші» мәртебесіне ие отандық жүз кәсіпорын өз өнімдерін Alibaba сауда алаңында сататын болады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Іріктелген бұл кәсіпорындарға халықаралық платформаға шығу үшін мемлекет қолдау көрсеткен. Бұдан бөлек, алты компания Ebay және Etsy-де ұсынылды. 2021 жылға қарай тағы 50 компания Алибабаға қосылады. Бүгінде Елорда мен Алматыда Wildberries компаниясымен логистикалық орталықтар салу мүмкіндігі қарастырылуда. Ол арқылы көлік шығындарын қысқартып, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, тағы басқа елдерге транзиттік ағынды арттыру көзделеді. Бүгінде 16 қазақстандық компания Wildberries платформасында тіркелген. Онда 600-ге тарта өнім ұсынылып отыр.

5G смартфондар талапқа сай емес

Қытайда бесінші толқындағы смартфондарға сұраныс артады. Мамандардың болжауынша, келер жылдан бастап, смартфондардың қолданысы 0,7 процент деңгейінде болады. Ал 2021 жылы әрбір сатылған бесінші телефон соңғы үлгідегі жүйеге негізделмек. 20 процент өнімдердің бағасы 2000 юаньнан төмен болады. Бұд 285 доллар шамасында. Қазірдің өзінде аспан асты елінде 500 мың 5G смартфон сатылды. Олардың бағасы 700 доллардан асады. Дегенмен әзірге әлем елдері аталған жүйені қолдануға асықпайды. Себебі жылдамдығы жоғары болғанымен, кедергілер жоқ емес. Оның басында баға тұр. 1000 доллар шамасында. Хонор компаниясының құрметті президенті Чжао Мин өндірушілерге асықпауға кеңес береді. Себебі ол маркетинг нарығындағы «заманауи» смартфондардың дені уақытша болып қалғанына көз жеткізген.

Қазақстан валютасының ресми бағамы бойынша бір доллар 382 теңге 65 тиынға тең.

Хабар 24 телеарнасы