420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз тауар экспортын қысқартты

  • 891
  • UPD: 12:36, 31.12.2019

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 79 миллиард теңгеден асқан. Аталған соманың жартысы экспорттқа тиесілі.

Биыл экспорт көлемі азайып, 47 миллиард 700 миллион теңгені құрады. Energyprom ақпаратына сай, шетелге негізінен минералды өнімдер  жіберіледі. Мысалы экспорттың 73% отын-энергетикалық тауарлар құраса, 14%-ке жуығы металдар. Сонымен қатар осы аралықта 2 миллиард доллардан астам сомаға химия өнеркәсібі өнімдері сатылған. Экспорттық корзинаның 5 проценттен астамы азық-түлік тауарларының үлесінде. Ал импорт көлемі бір жылда шамамен 5 процентке өскен. 

Соңғы 10 айда Қазақстан шетелге 2,5 млрд долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаған. Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлайды. Өткен жылмен салыстырғанда экспорт 7,4 процентке өскен. Ал алыс-жақын шетелге жіберілген туарлардың басым бөлігін ауыл шаруашылығы шикізатынан өңделген дайын өнімдерден құраған. Атап айтқанда, ұн және өсімдік майы сынды тауарлар экспортқа шығарылған. Жалпы ең көп сатылатын өнімдер қатарына сүт, кондитерлік өнімдер, шоколад, макарон және құс еті кіреді. Хабарламаға сай, отандық азық-түлік ішкі нарықтың 80 процентін қамтып отыр. Дегенмен, алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және құс еті сияқты тауар түрлерінен Қазақстан импортқа тәуелді.

Хабар 24 телеарнасы