375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нyundai мен Kia Motors жарты млн астам көлікті кері қайтарып жатыр

  • 417
  • UPD: 13:26, 31.12.2019

Оңтүстік Кореяның көлік өндірушілері Hyundai мен Kia Motors Ресей нарығындағы 640 мың көлігін кері қайтарып жатыр.

Себеп көліктерден табылған ақаулар. Жалпы көліктің алты түрі қайта жөндеуді талап етеді. Олардың қатарында Hyundai Grand Starex минивэні, Porter 2 жүк көлігі және Solati шағын аутобустары бар. Сондай-ақ Kia Sorento жол талғамайтын көлігінде де ақаулар табылған.

Атап айтсақ, көліктің өзге темір тұлпарлармен соғылудан қорғайтын жүйесінде кемшіліктер анықталған. Еске салсақ, биыл тежегіш сұйықтығындағы проблемаларға байланысты жапондық Nissan компаниясы 450 мың көлікті кері қайтарған.

Хабар 24 телеарнасы