423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет «Қазақфильм» мен екі әуежайды сату ойынан айнып қалды

  • 703
  • UPD: 11:12, 06.01.2020

Ел үкіметі «Қазақфильм» және Шымкент пен Петропавл әуежайларын сату ойынан айныды. Ұлттық экономика министрлігі қаулы жобасын әзірледі. Ведомство аталған нысандарды жекешелендіру тізімінен алып тастау туралы ұсынып жатыр. Мемлекеттік реестр ақпаратына сай, «Қазақфильмнің» шамамен 50 проценттік үлесін саудаға шығару көзделген болатын. Ал Петропавл әуежайын толығымен бәсекеге қабілетті ортаға тапсыру жоспарланған еді. Шымкент әуежайы қалалық коммуналдық меншікке өтетіндіктен, жекешелендіру тізімінен шығарылады. Осыған қатысты талқылаулар 2 аптаға жалғасады. 17 қаңтарда нақты шешім қабылданады.

Қостанай облысында өткен жылы 20 мың автокөлік құрастырылған. Оның дені экспортқа шығарылды. Мәселен, былтыр Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Беларусь Республикасына 2 мыңға жуық көлік жеткізілген. 

Қостанайда автомобиль құрастыру ісі жақсы қарқынмен дамып келеді. «СарыарқаАвтоПром» компаниясы жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтуда. Автомобиль түрлерін көбейту де кәсіпорынның басты жоспарына енген. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдайға байланысты әлемде алтын бағасы өсті. Троя унциясы яғни салмағы шамамен 31 грамм бағалы металл құны 1 мың 555 АҚШ долларына тең. Нью-Йорк сауда биржасында тіркелген соңғы өсім осындай. Өткен жыл соңында алтын бағасы 32 долларға арзанырақ болатын. Бұл өзгеріске ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімі туралы ақпарат негізгі себеп болып тұр. Айта кеткен жөн, Ұлттық Банк сайтындағы бағаға сәйкес, алтынның 1 грамы 19 мың теңге тұрады. Былтыр бағалы металл 3 мың 200 теңгеге арзанырақ болатын.

Нидерланд астанасы Амстердамда туристер үшін салық енгізілді. Енді онда қонған мейман тәулігіне 3 еуро төлеуге міндеттеледі. Жаңа салық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «The Telegraph» басылымына сілтеме жасап.

«Жаңа жылды Амстердамда қарсы алған туристер бұл әрекетіне өкінген болуы мүмкін. Себебі олар қалада қалуы үшін бір түнге 3 доллар салық төлеуі тиіс», - деп жазды басылым. Жаңа салық қонақ үйдегі бөлме бағасының 7 процентін қамтитын төлемді толықтырып тұр. Ал «Air-bnb» арқылы бөлме жалға алған туристер түніне бұдан да көп ақша төлейді, нақтырақ айтскақ, бөлме бағасының он пайызын бюджетке қалдырады. 1,1 млн тұрғыны бар Амстердам қаласына жылына 17 млн турист келеді. Қала тұрғындары шу мен басқа да келеңсіздіктерге шағымданған соң, билік осындай стратегия қабылдап отыр. Қала әкімшілігі туристік салық қаладағы туристер ағынын реттеуге көмегін тигізеді деп тұжырымдайды.

Хабар 24 телеарнасы