425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына нүкте қойылуы мүмкін

  • 803
  • UPD: 10:32, 14.01.2020

Осы аптада АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына нүкте қойылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәрсенбі күні тараптар бірқатар сауда келісіміне қол қояды.

Өткен аптада Қытай тарапы америкалық санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік беретін бірнеше келісімге қол жеткізгенін растады.

Осы аптада Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келісімінің бірінші фазасы аяқталады. Елдің вице-премьері Лю Хэ бастаған Қытай делегациясы бүгін Вишингтонға барады. Ресми сапар үш күнге жоспарланған. Дональд Трамптың Twitter-дегі хабарамасына сай 15 қаңтарда құжатқа қол қойылады. Бұл кездесу бүкіл әлем назарында болмақ. Себебі, аталмыш құжат дүние жүзіндегі ең ірі экономикалық текетіресіке нүкте қоюы мүмкін.

Еске салсақ, желтоқсан айында АҚШ Қытайдан импортталатын жалпы құны 156 миллиард долларды құрайтын тауарларға баж салығын кейінге қалдырды. Ал алдағы келісім нәтижесінде АҚШ баж салығын екі есе төмендетеді деп күтілуде. Өз кезегінде Пекин АҚШ-тан ауылшаруашылығы техникасы мен өзге де өнімдер импортын ұлғайтуға келісті. 

 

Беларусь мұнай тасымалына экологиялық салық енгізді

Беларуcь мұнай және мұнай өнімдері тасымалына экологиялық салық енгізді. Бұл туралы Prime агенттігі хабарлайды. Ел президенті Александр Лукашенко тиісті жарлыққа қол қойған. Құжатқа сәйкес Беларусь аумағындағы магистральды құбырлар арқылы өтетін мұнай және мұнай өнімдерінің транзиттік тасымалына салық салынады. «Мұнай тасымалымен айналысатын ұйымдарға табыс салығы 50%-і құрайды», делінген хабарламада.

Еске салсақ, мұнай тасымалы мәселесінде өзара келісімге келмегендіктен, жылдың басында Ресей Беларусь еліне мұнай экспортын уақытша тоқтатқан. Ал Беларусь мұнай өнімдері экспортын шектеді. Бірақ қара алтын тасымалына тосқауыл қойған жоқ. Сондықтан 4 қаңтардан бастап Ресей мұнайы Беларусь зауыттарына қайта жеткізіле бастады.

 

Ресей импорттық жеміс-жидекке салықты төмендетті

Ресей импорттық көкөністер мен жеміс-жидектерге қосылған құн салығын екі есе азайтты. Оның көлемі 20-дан 10%-ке төмендеді. Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Салық көлемі азайған тауарлар тізімінде қарбыз, қауын, жүзім, алма, шие және т.б бау-бағша өнімдері бар. Бұл өзбек елінің шаруалары үшін жағымды жаңалық. Өйткені салықтықтың төмендеуі Ресей нарығында өзбек тауарларының үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Өзбекстандық компания өкілдерінің айтуынша, бұл салада Қазақстанға қарағанда Ресейдің әлеуеті жоғары. Себебі Федерация Еуропа нарығына жол ашады. Сонымен қатар Қазақстанда қосылған құн салығы 12%, ал Ресейде енді 10%.

Қазақстан қор биржасындағы доллар құны 377 теңге 46 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 378 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы