377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде көлік бағасы қалай өзгерді

  • 318
  • UPD: 11:08, 14.01.2020

Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастар көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың дені Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрады.

Елімізде 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыздар саны 84700 адамға жеткен.

Өткен жылдың үшінші тоқсанындағы деректерге сай, Қазақстанда 2 миллион 100 мың жас азамат жұмыспен қамтылған. 15 пен 28 жас аралығында еңбектеніп жүргендердің көбі Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелген. Статистикаға сай, Тәуелсіздік алғаннан кейін туған жаңа буын өкілдері негізінен сауда және көлік жөндеу саласында қызмет етеді. Бұл бағытта қазір 400 мыңға жуық адам жұмыс істеп жүр. Сонымен қатар, 250 мыңнан астам жас ауыл, орман және балық шаруашылғы саласында еңбектенуде. Ал 150 мыңға жуығы мемлекеттік басқару және қорғаныс қызметінде. Еліміздегі өз кәсібін таппай жүргендер де аз емес. Жұмыссыз жастардың саны бір жылда 3,4% артып, 84 мың 700 адамға жеткен. Жалпы қалаларда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі артса, ауылдарда керісінше төмендеген. Айта кетейік, жұмыссыз жүрген жастардың 37%-і жоғары білімді азаматтар.

Жаңа жылдан кейін қазақстандықтар ақша үнемдеуге көшкен

Жаңа жылдық демалыста ақшасының көп бөлігін қонақ күту мен сыйлық алуға жұмсаған қазақстандықтар келесі айлыққа дейін қалай өмір сүреді? Осындай сауалды негізге алған микронесие беретін ұйымдардың бірі тұрғындар арасында зерттеу жүргізген. Нәтижесінде ел азаматтарының 34% қаңтарда отбасылық бюджетті қысқартса, 16% жинап жүрген ақшасын жұмсай бастаған. Зерттеуге қатысқандардың 18% жаңа жылдан кейінгі кезеңде туыс-туғандарынан қарыз алатынын айтқан. Ал 32% мерекелік шығындарының орнын толтыру үшін несие рәсімдейміз деп жауап берген. Соңғы ақпаратты қарыз беруші ұйымдар да растайды. Олардың хабарлауынша, жаңа жыл кезінде жеке қажеттіліктерге арналған несиелер 37% артқан.

Еліміздегі көлік бағасы қалай өзгерді?

Халық арасында кең таралған жеңіл көліктердің бағасы қымбаттады. LS агенттігінің хабарлауынша, ең көп сатылатын теміртұлпарлар тізімін Toyota Camry бастап тұр. Оның бағасы бір жылда 16 процентке өсіп, биыл 10 миллион теңгеден астам соманы құрады. Егер орташа жалақы 200 мың теңге төңірегінде деп алсақ, бұл сома 54 орташа еңбекақыны құрайды екен. Хабарламаға сай, еліміздегі ең арзан Ravon Nexia модельдерінің бағасы одан сайын төмендеген. Мысалы, өткен жылы Ravon Nexia 4,5 млн теңгеден сатылса, биыл оның кейбір модельдерін 3 миллион 300 мың теңгеге сатып алуға болады. Ал сатылымы жоғары Lada брендінің бағасы өскен.

Электромобильдер 88 мың адамды жұмыссыз қалдыруы мүмін

Германияда электромобильдердің көбеюінен мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Немістің Handelsblatt басылымының ақпаратына сай, сала мамандарын жаппай қысқарту күтіп тұр. 2030 жылға қарай қозғалтқыштар өндірісінде еңбектенетін 88 мың адам жұмыстан босатылады. Көлік нарығын зерттеген Нюрнберг институтының мамандары осындай болжам жасады. Олардың айтуынша, эклектромобильдердің қозғалтқышы сервистік қызметті аса қажет етпейді. Сонымен қатар оның құрылымы қарапайым. Бұған қоса сала толық автоматтандырылғандықтан, мұндай көліктердің көбеюі жаңа жұмыс орнын ашуды қажет етпейді. Өз кезегінде Неміс көлік өндірісі бірлестігі бұл болжамды шындыққа жанаспайды деп отыр. Бірлестік өкілдері жоғары менеджмент арқылы жаппай қысқартудың алдын алуға болады деген сенімде.

Айта кетейік, өткен жылдың аяғында Германия канцлері Ангела Меркель 2030 жылы елдегі эклектромобильдерді қуаттайтын станциялардың санын 1 миллионға жететінін мәлімдеген. 

Қазақстан қор биржасындағы доллар құны – 378 теңге 12 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 379 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы