426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі екі есе артты

  • 667
  • UPD: 11:56, 16.01.2020

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 17 млн 556 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда 26%-ке көп. Мәселен, біздің елден Қытайға 10 млн 767 мың тонна шикізат тасымалданса, аспан асты елінен бізге 6 млн 789 мың тонна көлемінде өнім жеткізілген.

Сондай-ақ ипотеканы қайта қаржыландыру, азаматтардың сатып алу қабілеті және елдегі шетелдік туристердің қай қалаларға жиі тоқтайтыны туралы айтып өтем.

Көрші елдер арасындағы статистикалық мәліметтер Алтынкөл мен Қорғас станцияларында өткен жұмыс кеңесінде белгілі болды. Кеңесте «Қазақстан темір жолы» мен «Үрімші темір жолдары» компанияларының делегациялары кездесті. Тараптар биылға арналған жүк тасымалы көлемін орындау жөніндегі іс-шараларды қарап, екіжақты жүк тасымалы көлемін 19 млн тоннаға жеткізу туралы жоспарды бекітті. Осылайша, Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалды өсіру, шекаралық станциялар арқылы пойыздарды кедергісіз және жеделдетіп өткізуде нақты шараларды қабылдау туралы уағдаластыққа қол жетті. Сондай-ақ тараптар биылға арналған Достық – Алашанькоу және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдері арқылы контейнерлік және жүк пойыздарының қозғалысы кестесімен келісті.

Ұлттық банк 40 мыңнан астам ипотеканы қайта қаржыландырады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты. Оның айтуынша, бағдарлама шеңберінде 171 млрд 400 млн теңгеге 28 мың қарыз алушыға көмек көрсетілді. 56 млрд теңгеден астам қаржыға қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық сомасы бойынша берешегі төмендетілді.

 

Азаматтар өткен айда 1,4 трлн теңгеге сауда жасады

Қазақстандықтар желтоқсан айында 1 трлн 400 млрд теңгеге сауда жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Ұсынылған мәліметке сай, азаматтар былтыр қараша айында 956 млрд 600 млн теңге, ал 2018 жылдың желтоқсанында 1 трлн 220 млрд теңге жұмсаған. 2019 жылдың желтоқсанында бөлшек сауданың нақты өсімі қарашаға қарағанда шамамен 45%. 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 7,3%-ке тең болды. Кассалар бойынша ресми жүргізілген бөлшек сауда көлемі жағынан Алматы шаһары көш бастап тұр – 451 млрд 500 млн теңге, 2018 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіш – 375 млрд 200 млн теңге. Алматыдан кейінгі орында елорда – 166 млрд 200 млн теңге, одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 143 млрд 200 млн теңге көлемінде болған. Ритейл бойынша үздік бестікке Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Алматы облыстары еніп отыр. Бөлшек сауда ең аз жасалған өңір – Түркістан облысы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляцияның ресми деңгейі 5,3%-ті құрады. 2018 жылы жылдық инфляция – 6%, 2017 жылы – 7,4%, 2016 жылы 14,6% болған еді.

 

Қазақстанға келетін туристер арасында ресейліктер көш басында

Артынша Чехия, Өзбекстан және Қытай елдерінен көптеп келеді екен. Aviasales.kz порталының мамандары жүргізген зерттеулер нәтижесі осындай. Сарапшылар ұсынған нәтижесіне сай, елге келуші шетелдік туристердің саны екі есе артқан. Бұл бір тапсырыспен екі бағытта сатылатын билет бағасы 9%-ке, яғни 136 мың теңгеге дейін түсуіне байланысты болып отыр.

Айта кеткен жөн, шетелдік меймандар көбіне елорда, Алматы, Ақтау, Шымкент және Қарағанды қалаларына тоқтайды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 379 теңге 67 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 381-383 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы