376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкер салық бойынша шектеуді төмендетуге күмәнмен қарайды

  • 144
  • UPD: 10:35, 24.01.2020

Елімізде салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы әзірленді.  Оның негізінде қосымша құн салығы бойынша шектеуді 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін төмендету ұсынылды. Бұл  79,5 млн.теңгеден 53 млн теңгеге дейін төмен. Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, Қазақстандағы ҚҚС мөлшерлемесі әлемде ең төмен саналады. Ал ұсынылған бастама көлеңкелі экономикаға қарсы күрес және қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатын көздейді.

Мәди Тәкиев, Ұлттық экономика вице-министрі:

- Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі әлемдегі ең төмен болып табылады. Мәселен, ЭЫДҰ елдерінде ҚҚС-ның базалық мөлшерлемелері 15% - дан 27% - ға дейін құрайды. Ресейде 20%, Беларусьте 20%, Арменияда 20%, Қырғызстанда 12%. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сәйкес шағын бизнестің 1.2 млн.кәсіпкерінің 15 мың кәсіпкеріне әсер етеді. Бұл тек 1,25%. 

Ал өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының мүшесі Тимур Жаркенов бұл ұсыныспен келіспейді. Оның пікірінше, Ұлттық экономика министрлігі қосымша құн салығы бойынша шектеуді төмендету арқылы үш жылға салық жеңілдіктерін өтеп алмақ. Сарапшы бұл әрекетті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті салықтан босату жөніндегі тапсырмасына қайшы деп бағалады. Ол бұлайша жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін микро және шағын бизнес қосымша құн салығын төлеушілер болып, түбінде оңайлатылған салық режимінде қалады деп күдіктенеді. Енді ол ҚҚС бойынша шектеуді 48 076 АЕК-ке дейін көтеруді ұсынады. Оған қоса, президенттің бұл заңға қол қоймайтынына сенімді. Себебі, құжат микро және шағын бизнес үшін жарияланған салық жеңілдіктеріне кереғар дейді. 

Тимур Жаркенов, ҚР Өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының мүшесі:

- ҚҚС бойынша осындай торапты ескере отырып, біз жеңілдетілген декларация бойынша шекті табысқа дейін, яғни 48 076 АЕК-ке дейін арттыруды ұсындық. «Атамекен» ҰКП мәліметінше, 2018 жылы 19 мыңға жуық кәсіпкер 20 мың АЕК-тен астам табыс тапты. 2019 жылға мәлімет жоқ, себебі кәсіпкерлер 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына салық есебін әлі тапсырмады. Салық жеңілдіктерінің жарнамасын ескере отырып, онлайн-БКМ мен POS-терминалдарды міндетті түрде қолдану, тауарлар мен қызметтердің бағасын арттыру, 30 мыңға жуық кәсіпкер ҚҚС бойынша табалдырықтан 20 мың АЕК асып кетуі мүмкін. 

Қазақстанда бензин бағасы 10 теңгеге қымбаттады. АИ маркалы жанармайдың орташа құны 152 мен 155 теңге аралығында сатылып жатыр. Бұған жанармай акцизінің екі есе қымбаттауы себеп болуы мүмкін. Жыл басында еліміздегі жанар май акцизі тоннасына 24435 теңгеге артқан болатын. Қазір оңтүстік, батыс өңірлерде АИ 92 маркалы бензин 153 теңге, шығыс, орталықта 152 теңге шамасында. Елордада 158 теңге.  Қазір арзан бензинді Атыраудан табасыз. Мұндағы баға 142 теңге. Дегенмен, энергетика министрлігі елде бензин тапшылығы жоқ дейді. Биыл 415 мың тонна өнім өндіріледі. Ішкі нарыққа 340 мың тоннасы қажет. Елдегі мұнай өңдеуші зауыттар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Мамандар өндіріс қарқыны ішкі сұранысты қамтуға жеткілікті дейді. Айта кетейін, мемлекет бензин мен дизельді отын бағасын реттемейді. Ал баға сұраныс пен ұсынысқа сай құрылады. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты сыртқы және ішкі рейстерге шектеу қойылды. Мұндай жағдайда жолаушылар не істеу керек? Еліміздегі бас әуе тасымалдаушыларының айтуынша, ең бастысы қауіпсіздік. Ал жолдан қалған жолаушылардың шығынын компания өтеуге міндетті емес.  Дегенмен, жеті жасқа дейінгі баласы бар аналарға арнайы бөлме ұсынылады, рейстің жөнелтілуін 2 сағаттан артық күткен жолаушыларға 5 минуттан аспайтындай екі қоңырау шалуға рұқсат беріледі. Екі сағат ішінде жолаушы әуетасымалдаушы ұсынған суық сусынды ішеді, кешіктіру 4 сағаттан асса, ыстық тамақпен қамтылады. Ұшу уақытын 8 сағаттан артық күтсеңіз, компания ұсынған қонақ үйге жайғасасыз. Тұрақ үшін қосымша ақы алынбаса, жеткізіп салу қызметі де көрсетіледі. Ал ұшу әуекомпаниясының кінәсінен шегерілсе, жолаушы таяудағы рейспен билетте көрсетілген бағытқа жеткізіледі не жолқұжатының ақысы толықтай өтеледі. Бұл заң талабы. Тасымалдаушы өтемақы төлеуден бас тартса, «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 567 бабына сәйкес оған 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жыл көлемінде олқылықты қайталаған болса, бұл сома 1000 АЕК жетеді. Бұған қоса тұтынушы құқығын қорғау және азаматтық авиация комитеттеріне шағымдануыңызға болады.

Хабар 24 телеарнасы