427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда өсірілген 800 мың тоннаға жуық картоптың жиырма проценті ғана экспортталады

  • 725
  • UPD: 11:40, 27.01.2020

Агроөнеркәсіп саласындағы өнімдердің 33 проценті ғана қайта өңделеді. Экспорт бар. Бірақ, шетелдік тұтынушыларға негізінен шикізат жіберіледі. Есесіне елімізге сырттан дайын өнімдер көп келеді. Картоп чипстарын мысалға алайық. Картоп өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Бисетаевтың айтуынша, сауда сөрелерінде қаптап тұрған қытырлақ картоптарды өзімізде шығару мүмкіндігі мол. Себебі жыл сайын қоймаларда сақталатын өнімдер көктемде қайта өңделместен, тіпті ішкі нарыққа түгелдей таратылып үлгермеген күйде қоқысқа кетіп жатады. Былтыр ғана ел аумағында 800 мың тонна картоп жиналса, оның 180 мың тоннасы ғана экспортталды. Ал көрші елдердегі ірі нарыққа шығу үшін білікті  делдалдар қажет. Ішкі сұраныс толық қамтылған. Сырттан тасып тұтынатын өңірлер де аз емес. Демек, салада бәсеке жоқ. Қазір шаруалар құрылысы екі жылдан кейін басталатын Жамбыл облысындағы қайта өңдеу кәсіпорнын асыға күтіп жүр. Саланы дамыту керек. Ол үшін өнімдер қайта өңделу қажет, экспорт артып, тым болмаса егіс алқабын азайту маңызды дейді мамандар. 

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында пайда болған коронавирустың залалы күллі Азия нарығына кері әсер етеді. Fitch rating сарапшыларының пікірі бұл. Олардың пайымынша, бұған дейін Азия-Тынық мұхиты аумағы елдерінің экономикалық дамуы бойынша болжамдар мүлде басқаша құбылуы мүмкін. Себебі, эпидемияның өршуінен, алдымен, туризм саласы ақсайды. Салдарын Қытай, Таиланд, Вьетнам, Сингапур ғана емес, Гонконг пен Макао да көреді. Қазірдің өзінде елдегі көңіл көтеру, туризм және қоғамдық тамақтану қазметтері саябырси бастағаны байқалады. Мұнан кейін мұнай нарығы да құлдырауы ықтимал. Өткен аптаның өзінде қара алтын бағасы құлағаны байқалған. Goldman Sachs сарапшылары тасымалдың азаюынан алдағы уақытта мұнай баррелі 300 мыңға төмендеуі мүмкін.

Белоруссияға 3,5 мың тонна болатын норвег мұнайының алғашқы легі жеткізілді. Елде жиыны 80 мың тоннадан аса қара алтын сатып алынған. Президент Александр Лукашенко өнімді әлемдік бағамен алатынын айтты. Ол ресейлік мұнайдың елдегі сұраныстың 3/1 бөлігін қамтуына жағдай жасамақ. Қазір мемлекет АҚШ және Сауд Аравиясымен де келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Балтық елдері, Польша, Украина, Әзербайжан және Қазақстанға да ұсыныс жасалды. Қазір келісім жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің энергетика министрлігі құбыр жүйесі арқылы тасымалдауды құп көріп отыр. Алайда басқа бағыттар да қарастырылуы бек мүмкін. 

Америкалық «The Wolf of Wall Street» фильміндегі кейіпкердің прототипі Джордан Белфорд Ред гранит пикчер кинотуындысының авторларын сотқа берді. Ол продюсердің Малайзияда фильмді қаржыландыру барысында ақша жымқырғанына күдіктенеді. Енді сот арқылы 300 миллион доллар өтеп алмақшы. Джордан Белфорд кейбір құйтырды әрекеттерді білмей қалғанын және өз өмірбаянына құрылған фильмді экранға шығаруда алданғанын айтады. Фильмге өзек болған бестселлерді қор нарығындағы алаяқтығы үшін сотталған бұрынғы брокер жазған.

Хабар 24 телеарнасы