432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда автокөлікті сақтандыру тарифі көтерілуі мүмкін

  • 787
Қазақстанда автокөлікті сақтандыру тарифі көтерілуі мүмкін dominanta.od.ua

Арқаның ақтүтек бораны елордаға қатынайтын барлық жолды жауып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан көліктер діттеген жеріне жете алмай жолда тұр. Олардың арасында азық-түлік тиеген жүк көліктері де бар.

Қала тұрғындары да, дүкен иелері де тауар тапшылығы байқалмайтынын жеткізді. Тапшылық бар болған күннің өзінде орны қорда бар азық-түлікпен толыққан. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ.

200 теңгелік монета айналымға шықты

Ұлттық банк 200 теңгелік монетаны айналымға шығарды. Биколорлы циркуляциялық монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркем элементтері бейнеленген. Тиынның сыртқы сақинасы нейзильберден ал ішкі диск никель жезден жасалған. Монетаның ортасында елтаңба, айналдыра Қазақстан республикасы деген жазу бар. Төменгі бөлігінде теңге деген жазу, монетаның сол бөлігінде Қазақстан ұлттық банкі деген аббревиатура бар.

Айта кету керек, 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және табиғи тозуына қарай айналымнан алынады.

Қоршаған ортаны қорғауға $117 млрд инвестиция құйылды

Өткен жылы қоршаған ортаны қорғауға құйылған инвестиция 46 процентке өсті. Осылайша жалпы сомасы 117 миллиард АҚШ долларынан асты. Соңғы жылдары Қазақстан қоршаған ортаны қорғауға жіті көңіл бөле бастады. Мәселен, 2018 жылы елімізде 265 жарым мың шаршы метр аумақ қорғауға алынды. Бір жыл ішіндегі өсім – 7 жарым процент. Табиғатты қорғауға бөлінген қаржы көбейгенімен, мемлекетте ауасы ластанған қалалар аз емес. Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалалары Қазақстан бойынша ауасы ең қатты ластанған шаһар саналады. Сондай-ақ ластанған өңірдің қатарына Қарағанды, Ақтөбе, Балқаш және Теміртау қалалары да кіреді. Мұндай қорытынды «Қазгидрометтің» зерттеуі нәтижесінде жасалды.

Автокөлікті сақтандыру тарифі көтерілуі мүмкін

Қазақстандағы автокөлікті сақтандыру компаниялары сақтандыру тарифін өсіруге ниетті. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда бүгінде сақтандыру төлемдері бойынша орташа сома 368 мың мен 400 мың теңге шамасында. 2018 жылы мұндай төлемдер саны 60 мыңнан 74 мыңға дейін көбейген. Сонымен қатар кейінгі жылдары автокөлік пен бөлшектерінің құны көтерілді. Шаһарларда машина саны артты. Десе де сақтандыру тарифтері 2008 жылдан бері өскен жоқ. Осыған байланысты сақтандыру компаниялары арнайы есептеу жүргізіп, заңға өзгеріс енгізуді ұсынбақ.

Олег Ханин, сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы:

– Қазіргі заңда сақтандыру тарифі көліктің қай өңірде тіркелгеніне байланысты белгіленеді. Осыған өзгеріс енгізу керек. Себебі кейбір көліктер ауылдық жерде тіркелгенімен, көбіне қалада тұрады. Мәселен Алматыда көліктің көбі Алматы облысында тіркелген. Бірақ қалада жүреді. Апатқа ұшырау мүмкіндігі жоғары. Бұл сақтандыру компанияларын шығынға батырып жатыр.

Өзбекстан Қаракөл өндірісі мен экспортын ұлғайтпақ

Өзбекстан билігі қаракөл терісін өңдеп, экспорттаған кәсіпкерлерге субсидия береді. Өңделген әрбір тері үшін шаруалар бес АҚШ доллары шамасында ақша алады. Бүгінде субсидияны беру тәртібі бекітіліп, қажетті қаржы бөлінді. Шаруаларды қолдауға бағытталған бағдарлама 2023 жылға дейін жалғасады.

Айта кету керек, Қаракөл терісін өңдеп, экспорттағандарға қолдау жасау бастамасы өткен жылдың тамызында қолға алынды. Үкімет 2021 жылға дейін елдегі Қаракөл тұқымды қой басын 7 миллионнан асыруды жоспарлап отыр. Соның арқасында келер жылы 1 миллион 250 мың қара көл терісін өңдемек. Бүгінде олар 1 миллион данадан астам тері өндіреді.

Енді Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамына тоқталайық. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша, бір АҚШ доллары 380 теңге 84 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 381-382 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы