427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық Азияда ірі сауда алаңы пайда болуы мүмкін

  • 800
  • UPD: 11:47, 31.01.2020

Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Бүгінде мұндай биржа Дубайдың халықаралық қаржы орталығында табысты жұмыс істеп келеді.

Аталмыш сауда алаңында алтыннан бастап мұнай мен газға дейін сатылады.

Қайрат Келімбетовтың айтуынша, Дубай Үкіметінде «Астана» халықаралық қаржы орталығында онлайн-хаб құруды ұсынған. Алаң Жібек жолындағы елдерді түрлі тауарлармен қамтамасыз етіп, Азияны басқа континенттермен байланыстыратын болады. Мысалы, Африка және Латын Америкасымен. Егер жоба іске асырылса, бұл Қазақстанның инвестициялық капиталын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Жалпы «Астана» халықаралық қаржы орталығында (AIX) биржасы оң нәтиже көрсетуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша биржа көмегімен елімізге 2 миллиард 59 миллион доллар тартылған. Айта кету керек, Орталық Азияның қаржы алаңдары арасында AIX биржасы Ұлыбританияның Корольдік салық және кеден қызметінің жоғары бағасына ие болған.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Дубайда халықаралық қаржы орталығынан бөлек, түрлі тауарлар саудасымен айналысатын алаң бар. Біз Орталық Азияда да осындай алаң құру мәселесін талқыладық. Дубай Үкіметі «Жібек жолы» аумағында осындай онлайн-хаб құруға мүдделі. Ал біз Дубай мен Орталық Азия арасында байланысты нығайтуды көздейміз.

 

Елдегі отын қоймаларында 3,4 млн тонна көмір бар

Өзге тақырыптарға ойыссақ. Еліміздің басым бөлігіне түскен қалың қар салдарынан жолдар жабылып, көлік қозғалысы қиындады. «Бірақ табиғаттың тосын мінезі көмір мен мазут тасымалына кедергі болған жоқ», деп хабарлайды Энергетика министрлігі. Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратына сай, қуат көздерінің отын қоймаларында 3,4 млн тонна көмір және 111 мың тонна мазут бар. Жалпы елдің отын қоры бекітілген нормаға сәйкес келеді. «Ауа райының қолайсыздығына байланысты электр станцияларында көмір мен мазутты тиеу және жеткізу бойынша проблемалар байқалмайды. Жылу желілері кестеге сай жұмыс істеп тұр», - делінген хабарламада.

 

Медициналық маскалардың нарықтағы бағасы

Енді «Іскердің ісі» айдары Қазақстанның барлық өңіріндегі тауар бағасын анықтап, назарға ұсынады. Бүгін біз медициналық маскалардың нарықтағы бағасын салыстырамыз. Тауар құны өңірлік тілшілердің ақпаратына негізделген.

Қостанайда медициналық маска бағасы 20-25 теңге аралығында. Петропавлда 10 теңге. Қыста ерекше сұраныста болатын медициналық тауар бағасы әр өңірде әртүрлі. Павлодарда бетперделер 10 теңгеден бастап 20 теңгеге дейін. Орталық Қазақстанға тоқталсақ,  Қарағандыда масканың бағасы 30 теңгеге дейін өскен. Ал Шығыс Қазақстанда ол 15 теңгеден бастап 25 теңгеге дейін саудалануда. Талдықорғанда 20 теңге. Ең жоғары баға Алматы дәріханаларында тіркелген. Алматылықтар масканы 50 теңгеге ала алады. Оңтүстік Қазақстанда масканың құны 15 теңгеден бастап 35 теңгеге дейін. Ал Батыста бетперделер қатты қымбаттамаған. Оларда 20-25 теңге. Ақтөбеде 15-20 теңге. Бас шаһардың дәріханаларында бетперделер 20-50 теңге аралығында  сатылып жатыр.

  1. Қостанай 20-25 теңге.
  2. Петропавл 10-20 теңге.

    3.Көкшетау 20 теңге.

  1. Павлодар 10-20 теңге.
  2. Қарағанды 20-30 теңге.
  3. Өскемен 15-25 теңге.
  4. Талдықорған 20 теңге.
  5. Алматы 40-50 теңге.
  6. Тараз 15 теңге.
  7. Шымкент 30-35 теңге.
  8. Түркістан 20 теңге.
  9. Қызылорда 25-30 теңге.
  10. Ақтау 20-25 теңге.
  11. Атырау 20-25 теңге.
  12. Орал 20 теңге.
  13. Ақтөбе 15-20 теңге.
  14. Нұр-Сұлтан 20-50 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы доллар құны 378 теңге 8 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 379 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы