443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел өңірлерінде медициналық бетперде қанша тұрады?

  • 478
  • UPD: 11:46, 31.01.2020
Ел өңірлерінде медициналық бетперде қанша тұрады? inbusiness.kz

«Іскердің ісі» айдары Қазақстанның барлық өңіріндегі тауар бағасын анықтап, назарға ұсынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін біз медициналық маскалардың нарықтағы бағасын салыстырамыз. Тауар құны өңірлік тілшілердің ақпаратына негізделген.

Қостанайда медициналық маска бағасы 20-25 теңге аралығында. Петропавлда 10 теңге. Қыста ерекше сұраныста болатын медициналық тауар бағасы әр өңірде әртүрлі. Павлодарда бетперделер 10 теңгеден бастап 20 теңгеге дейін. Орталық Қазақстанға тоқталсақ,  Қарағандыда масканың бағасы 30 теңгеге дейін өскен. Ал Шығыс Қазақстанда ол 15 теңгеден бастап 25 теңгеге дейін саудалануда. Талдықорғанда 20 теңге. Ең жоғары баға Алматы дәріханаларында тіркелген. Алматылықтар масканы 50 теңгеге ала алады. Оңтүстік Қазақстанда масканың құны 15 теңгеден бастап 35 теңгеге дейін. Ал Батыста бетперделер қатты қымбаттамаған. Оларда 20-25 теңге. Ақтөбеде 15-20 теңге. Бас шаһардың дәріханаларында бетперделер 20-50 теңге аралығында  сатылып жатыр.

  1. Қостанай 20-25 теңге.
  2. Петропавл 10-20 теңге.

    3.Көкшетау 20 теңге.

  1. Павлодар 10-20 теңге.
  2. Қарағанды 20-30 теңге.
  3. Өскемен 15-25 теңге.
  4. Талдықорған 20 теңге.
  5. Алматы 40-50 теңге.
  6. Тараз 15 теңге.
  7. Шымкент 30-35 теңге.
  8. Түркістан 20 теңге.
  9. Қызылорда 25-30 теңге.
  10. Ақтау 20-25 теңге.
  11. Атырау 20-25 теңге.
  12. Орал 20 теңге.
  13. Ақтөбе 15-20 теңге.
  14. Нұр-Сұлтан 20-50 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы доллар құны 378 теңге 8 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 379 теңгеге сатып алуға болады.

 

Хабар 24 телеарнасы