377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдегі ең қолжетімді көліктер тізімі жарияланды

  • 261
  • UPD: 10:56, 04.02.2020

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бір жылда 0,9% өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

2020 жылдың қаңтарына дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші ретінде 17 мың 400 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелді. Сектордағы компаниялар санының жылдық өсімі 5,3% құрады.

Түркістан облысы АӨК саны бойынша көш бастады

Елде 219 мың 400 шаруа және фермер қожалығы мен ауылдық жерлерде 1 млн 600 мың үй шаруашылығы тіркелген. Олардың ішінде 13 мың 900 заңды тұлға, филиал мен өкілдік және 211 мың 700 шаруа қожалығы белсенді ауылшаруашылық өндіруші саналады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктердің көбі Түркістан, Ақмола және Алматы облыстарында орналасқан. Фермалар мен шаруа қожалықтары Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында көп шоғырланған. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 5 трлн 2 млрд теңгені құрап, нақты көлемнің өсімі 0,9% болды. Жалпы өнім көлемі бойынша үштікке Алматы облысы – 852 млрд теңге, Солтүстік Қазақстан – 631,9 млрд және 627,5 млрд теңге көрсеткішімен Түркістан өңірі енген.

Отандық АӨК саласы кенжелеп тұр

Қазақстанда агроөнеркәсіп саласын мемлекеттік қолдау шараларының деңгейі ЕАЭО елдеріндегі жағдайдан төмен болып шықты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров айтты. Мәселен, Беларусь жалпы ішкі өнімнің 8,1%, Ресей 6,3% ауыл шаруашылығын қолдауға жұмсайды. Елде бұл көрсеткіш 5% ғана құрайды. Сонымен қатар бізде агроөнеркәсіп кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жеке қаржыландырмау деңгейі 140 млрд теңгеге жетіп отыр деді вице-министр. Оның айтуынша, агроөнеркәсіп саясаты департаменті ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік қолдау шараларына шолу жасап көрген.

Елдегі ең қолжетімді көліктер тізімі жарияланды

Елдегі ең қолжетімді жеңіл көліктердің ондығына тек отандық зауыттардан шыққан темір, тұлпарлар енген. «ҚазАвтоӨндіріс» одағы автокөлік нарығының баға динамикасына қатысты статистикамен бөлісті. Автокөлік саласындағы одақтың мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар былтыр жалпы 654 млрд 300 млн теңгеге 71 мың 417 жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөлік сатып алған. «Сатып алынған автокөліктің әрқайсысының орташа құны 8 млн 900 мың теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,7% артық. Импорттық автокөліктің орташа бағасы шамамен 10 млн 900 мың теңгені құрап отыр. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сатып алушылардың 27%, құны 5 миллион теңгеден аспайтын автокөлікті иеленген. Сол секілді сатып алушылардың 15,8% 7-ден 10 млн теңгеге дейінгі автокөлікті таңдаған», - деп хабарлайды «ҚазАвтоӨндіріс» одағы. Сонымен қатар бизнес-класс пен премиум-класс сегментіндегі көліктердің үлесі жаңа автокөліктер нарығында сәйкесінше 26,2% немесе 18 мың 679 көлікті және 10,7% немесе 7 мың 640 техника бірлігін құраған.

Қытай экономикасының қазіргі ахуалы әлем үшін маңызды. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Қытай экономикасы әлемдік экономикаға қаншалықты ықпалы ететіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттық банк басшысының айтуынша, Қазақстанның Еуроодақ, Ресей, Қытай сияқты 3 ірі серіктесі бар. Олар Қазақстан тауары, шикізаты сатылатын негізгі нарықтар болып табылады.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380,65 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы