423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы бес жылда логистикалық компаниялардың табысы артады

  • 718
  • UPD: 14:32, 18.02.2020

Елімізде тұз экспорты еселенді. Өткен жылы елімізде ас тұзының экспорты 31 процентке артты, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Қазтрейдтің» хабарлауы бойынша, жалпы құны 24 млн доллар болатын минерал шетел асты. Ал еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі тұздың 98 процентін Ресей алғанын айтады. Қырғыз, украин, түрікмендер де қазақтың тұзын тұтынады. Жалпы былтыр өндіріс қарқынды болған. Алдыңғы жылға қарағанда өсім 15 процентке артық. Шамамен 262 мың тонна тұз өндірілді. Отандық кәсіпорындар Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында орналасқан. Ауқымды өндіріс Қызылордада. Ішкі нарық 144 процентке қамтылып отыр. Қазақстанда ас тұзын игеру 34 келісімшарт бойынша жүзеге асырылады.

Қостанайда тұз бағасы 52 теңге  шамасында. Көкшетау мен Таразда ас тұзының келісін 65 теңгеге табасыз. Өскеменнен 60 теңгеге алуға болады. Еліміздегі ең қымбат тұз – Талдықорғанда. Мұнда өнімнің бір келісін 70 теңгеге аласыз. Арзан тұз Алматыда сатылып жатыр. Келісін  45-47 теңгеге алуға болады. Еліміздің оңтүстігі Шымкент, Түркістанда тұз бағасы 50 теңгеге сатылып жатса, Таразда 65 теңге. Қызылордада 45 теңге екен. Батыс Қазақстандағы орташа баға 70 теңге. Атырау, Ақтау қалаларынан осындай бағада аласыз. Орал мен Ақтөбеде 45 теңге шамасында. Нұр-Сұлтанда тұздың бір келісі сапасына қарай 60 теңгенің айналасында бағаланған. 

Логистикалық компаниялардың табысы артады

Алдағы бес жылда еліміздегі интернет-сәлемдемелерді тасымалдаумен айналысатын отандық логистикалық компаниялардың кірісі 1,5 трлн теңгеге артады. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, енді елде тауарларды қадағалайтын орталықтар көбейеді. 2018 жылы электронды сауда нарығы 2 есе артып, 269 млрд теңгеге жеткен. Бұл жалпы бөлшек сауда айналымының үш проценті. Қазақстан арқылы Қытай мен Еуропаға 39 млн пошталық сәлемдеме жіберілді. Сатып алушылардың да саны артқан. Бүгінде 2 млн адам осындай қызметті пайдаланады. Ел аумағында 1700 интернет-дүкен жұмыс істейді. 

Дивидент көлемі 1 трлн доллардан асты

Әлемдегі 1000-нан аса компания былтыр акционерлерге 1 трлн 43 млрд доллар төлеген. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Әрі алдыңғы жылға қарағанда 3,5 процентке артық. Янус Хендерсон компаниясының сарапшылары хабарлағандай, британ және Еуропа фирмалары өзгелерге қарағанда аз шығындалған. Негізі мұнай саласындағы инвесторлар белсенді болды. Өсім 10 процент. Ал телекоммуникация саласы, керісінше, азайған екен.

Хабар 24 телеарнасы