428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңге бағамы қалай құбылады?

  • 874
  • UPD: 12:36, 18.03.2020

Бір ай көлемінде мұнай баррелі 40 доллардан аспаса, Ұлттық банкке теңге бағамын бақылау қиын болады. Экономист Қасымхан Қаппаров осындай пікірде. Ол доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 600 теңгеге жетуі ықтимал дейді. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені арттыруы құнсыздануды болдырмаудың амалы ғана. Қазір бас банк резервінде 8 млрд доллар бар, қалғаны алтынмен сақталған. Бұл  20 млрд доллардан асатын қаражат. Экономист бағалы алтынның бағасы түсіп бара жатқанын әрі оны тез арада сату қиын екенін пайымдап, өз ұсынысын білдірді.

Елімізде көлік бағасы қымбаттайды. Бұған мұнай құнының арзандап, теңгенің әлсіреуі себеп. Өйткені, көлік құрастыру жабдықтары валютамен алынады. Яғни, теңге бағамының ауытқуы бағаға да әсерін беруі мүмкін. Бұл туралы Қазақ авто өндірушілер қоғамының өкілі Артур Мискарян хабарлады. Алайда ол үкімет пен Ұлттық банктің шикізат пен валюта нарығындағы жағдайды реттеу бойынша шара қолданатынын да ескеретінін айтты.  Сол себепті, өсімнің қанша процент болатынын болжауға асықпады. Жалпы қаңтар, ақпан айларында елімізде 94 млрд теңге болатын 12 мың автокөлік құралы шығарылды. Жеңіл көлік өндірісі екі есе артқан. Ал автобус өндірісі 80 процентке артқан. 7 мыңнан аса отандық көлік сатылды. Автоөндіріс саласының нарықтық үлесі 65,9% жетті.  Сатылған көліктердің 1700-ден астамы мемлекеттік автонесиелеу бағдарламасы бойынша алынған. Авто өндіруші компаниялардың ЖІӨ-дегі үлесі 94 млрд теңге болды.

Еліміздегі мұнайға қызмет көрсететін 2000 кәсіпорын 1 млн қазақстандыққа нәпақа көзі. Мұнай бағасының төмендеуі саланы ақсатары анық. Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов жағдайды реттеудің бірқатар амалын ұсынды. Оның айтуынша, еліміздегі 100 млн долларға дейінгі мұнайға қызмет көрсету жобаларын түгел отандық компанияларға беру керек. Ал ірі келісімдерді бірлескен кәсіпорындар атқаруы тиіс. Бүгінге дейін бұл міндетті шетелдік компаниялар орындап келген. Рашид Жақсылықов «экономиканы ұлттандырудың уақыты жетті» дейді.  Ол жұмысшылардың жалақысын қысқарту арқылы үнемдеуге болмайтынын жеткізді. Қазір коронавирус індетінің тарауына байланысты шекаралар жабылып жатыр. Бұл өз кезегінде шетелдік мамандардың ел аумағына кіре алмауына себеп. Осындай жағдайларды болдырмаудың бірден бір амалы – қазақстандық мамандармен алмастыру. Тек, өкініштісі, еліміздегі оқу орындардың дипломы шетелдік компаниялардың үдесінен шықпай жатады.

Бір ай көлемінде мұнай баррелі 40 доллардан аспаса, Ұлттық банкке теңге бағамын бақылау қиын болады. Экономист Қасымхан Қаппаров осындай пікірде. Ол доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 600 теңгеге жетуі ықтимал дейді. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені арттыруы құнсыздануды болдырмаудың амалы ғана. Қазір бас банк резервінде 8 млрд доллар бар, қалғаны алтынмен сақталған. Бұл  20 млрд доллардан асатын қаражат. Экономист бағалы алтынның бағасы түсіп бара жатқанын әрі оны тез арада сату қиын екенін пайымдап, өз ұсынысын білдірді. 

Коронавирус салқыны еуропалық автонарыққа да әсерін берді. Кейбір ірі автоконцерндер уақытша жұмысын тоқтатып жатыр. Оған көлік құрастыру жабдықтарының дер кезінде жеткізілмеуі себеп. Бірақ, мамандар көліктің жеткілікті деңгейде өндірілгенін айтты. Яғни, сұраныс бар болса, нарыққа шығару тоқтамайды. Ал кейбірі Қытай аумағынан тыс кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істейді. 

АҚШ-тың федералды резервтік жүйесі қысқа мерзімдік коммерциялық қағаздарды сатып алмақ. Оның құны 1 трлн доллар. Елдің қаржы министрі Стивен Мнучиннің айтуынша, коронавирус өршіген шақта бұл қаражат жұмысшылар мен бизнес үшін маңызды.  АҚШ-та өтімділік мәселесі өзекті. Федералды резервтік жүйе орталық банк қызметін атқаратынын еске саламын. Қазір олар арнайы мақсатты механизм түзді. Оның негізінде қаржы министрлігі жеке қордан 10 млрд доллар инвестиция алмақ. Бұл қаражатқа бағалы қағаздар алынады. Оған қоса, құны 1 трлн долларға дейінгі коммерциялық қарыздарды сатып алуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ ел билігі 300 млрд доллар салықтың процент пен айыппұлсыз 90 күннен кейін төленуіне жағдай жасамақ.

Әрине, елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты жұртшылық иммунитетін көтеруге әрекет жасайтыны анық. Біз лимон бағасын білуге тырыстық. Елорда мен Алматыда цитрустық өнім 980-1100 теңге аралығында сатылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы