411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары басталды

  • 189
  • UPD: 11:05, 27.04.2020

«Павлодар мұнай-химия зауытында» жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Энергетика министрлігі бекіткен кестесіне сай 2020 жылы зауытта жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстары 25 мамыр мен 13 маусым аралығында жүргізіледі.

Мейірлан Алтынбек, тілші:

- Төтенше жағдай тәртібін бұзбау мақсатында Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін тиісті талдау жасалды. Зауыт қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 8 сағаттық жұмыс кестесі қолданылды. Мердігер ұйымдардың жұмыс тәртібі қайта қаралды. Осылайша, қызметкерлерге жұмыс алаңдарында, қоғамдық тамақтану орындарында және тасымалдау кезінде ыңғайлы жағдай жасалды. Карантин ережесін ескеріп, жұмыс көлемін толық орындау мақсатында зауытта жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстары 25 сәуірде басталған еді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ақпаратына сай Атырау мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары өз қызметін штатты режимде жалғастырып келеді. Қолда бар қорды қоса алғанда зауыттардың жалпы өндіріс көлемі еліміздің ішкі нарықтағы қажеттілігін 3 айдан астам мерзімге қамтамасыз ете алады.

Атырау қаласында жол шұңқырын жамауға 41 млн теңге бөлінген. Қала әкімі Қайрат Оразбаевтың айтуынша, биылғы жазда 4 мың шаршы метрді құрайтын жол учаскесін жөндеу көзделген. «Жақында жол шұңқырын жамау жұмысы басталды. Оған дейін тендер өткізіліп, 41 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Осы қаржыға маусымның аяғына дейін 52 көшенің 4,5 мың шаршы метр жолы жөнделеді. Кейін тағы қаржы қарастырылып, жол шұңқырын жамау жұмыстары жалғасады», - деді Қайрат Оразбаев. Әкімнің сөзіне сүйенсек, жөндеу жұмысы «Тұрғын үй қалашығы» ықшамауданында басталған. Кейін Аванград мөлтек ауданында жалғасқан. Қазіргі жұмыстар Сәтбаев көшесінде жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе жолдарының да жағдайы мәз емес. «Жол активтерінің ұлттық сапа» орталығының филиалы алғашқы тоқсандағы тексеру қортындысын жариялады. Жыл басынан 94 сынама алынып, бірқатар кемшілік анықталды.

«Республикалық деңгейдегі жолдарда 106 кемшілік анықталған. Мердігерлерге ескерту жасалды. Кейбірі бірден түзетсе, 42-сі орындалмай отыр. Қазір қайта жаңартылып жатқан жолдардың құрылыс материалдарына сараптама жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін 6 сынама стандартқа сай болмай шықты. Көбінде қиыршық тас сапасыз. Тапсырыс беруші мен мердігерлерге де ескерту жасалды», - деді жергілікті филиалдың зертхана меңгерушісі Нұрхат Балғабаев. Ұлттық сапа орталығы мердігер компаниялардың жолды күтіп ұстауы бойынша да сын-ескертпе айтты. Мәселен, соңғы 3 айда 12 кемшілік орындалмады. Мысалы, Қандағаш Ембі Шалқар Ырғыз бағытындағы жолдың 37-50 шақырым аралығы бүгілген, ой-шұңқыры көп. «СамараШымкент» тасжолынындағы асфальт жамылғысы ойылып, жарылуы көлік қозғалысына қауіпті. Қарабұтақ ауылынан Қостанайға барар жолда да осындай жағдай. Ақтөбе мен Орск арасындағы жол бойында белгілер екі тілде орнатылмаған.

Биыл Семейде егіс алқаптарының жалпы көлемі 14 700 гектарды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке артық. Жоспар бойынша 1049 гектар дәнді дақылдар, 3096 гектар картоп, 1475 гектар көкөніс және 46 гектар жерге бақша дақылдары егілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ауылшаруашылық субъектілері сапалы тұқымдармен толықтай қамтамасыз етілген. Сонымен қатар Семейде тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып жатыр. Шаһарда картоптың жоғарғы өнімді тұқымдарын өндіретін 2 ауылшаруашылық құрылымы бар. Шаруа қожалықтар биыл картоптың 1200 тонна І, ІІ, ІІІ репродукциялы тұқымдарын сатуға дайындады.

Ендігі кезек әдеттегідей «Нарықтағы баға» айдарында. Бұл жолы алманың елдегі орта бағасына тоқталамыз. Ең жоғары баға Қостанайда. Келісі үшін 800 теңгеден басталады.

Сонымен Қостанайда алма келісі 800 теңге. Петропавлдағы баға 700 теңге. Ақмола облысының орталығы Көкшетауда 650 теңг. Кеншілер қаласы Қарағандыда 500 теңге. Алматы облысының орталығы Талдықорғанда 450 теңге. Алматыда 650 теңге. Түркістан облысының орталығында 550 теңге. Қызылорда шаһарында 450 теңге. Ел астанасында 700 теңге.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 430 теңге 99 тиын. Шетелдік валютаны ақша айырбастау бөлімшелерінде 432-433 теңгеге сатып алуға болады. Еуро құны 463 теңге 96 тиын тұрса, рубль 5 теңге 77 тиын.

Хабар 24 телеарнасы