411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа елдері жыл соңына дейін Шенген аймағына турист кіргізбеуі мүмкін

  • 242
  • UPD: 11:01, 30.04.2020

Мұндай болжамды Еурокомиссия өкілдері жасады.

Олар әуелі Еуроодақ елдерінің азаматтарына шекара ішінде саяхаттауға рұқсат береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, сырттан келетін қонаққа қатысты шешім коронавирус пандемиясының таралу көрсеткішіне қарай қабылданады.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Расында Еуропа елдері турист қабылдауды кейінге шегерсе, осы салада қызмет көрсететін компаниялардың шығынға батары сөзсіз. Еурокомиссия оларға қаржылай қолдау жасау тетіктерін қарастырып жатыр. Толығырақ сәлден кейін.

 

Әлемде туризм саласы тұралап қалды

Саяхаттау маусымының ашылауына аз қалды. Алайда, шекаралар ашылмауы мүмкін. Егер жағдай жақсарған күннің өзінде Түркия карантиннен кейінге алғашқы туристі мамырдың соңында қабылдауға ниетті. Ал Біріккен Араб Әмірліктері саяхатшыларды маусымның екінші жартысында кіргізбек. Еуропа елдеріндегі жағдай мүлде қиындау. Сарапшылар Германия мен Франция өз шекарасын күзге дейін, ал Италия мен Испания жыл соңына дейін ашпауы мүмкін деген болжам жасады. Қазірдің өзінде Еуроодақ туристік саланы қолдауға 375 миллиард еуро бөлді. Оның 255 миллиарды одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне үлестіріледі. Ал қалғаны осы салдағы компанияларға берілмек. Еуропалық туристік комиссия директоры Эдуард Сантандердің пайымынша шектеулер тағы бірнеше айға созылса, Еуроодақ елдерінің туристік саласында 10 миллион жұмыс орны жабылады. Бұл дағдарыстан, әсіресе, Оңтүстік Еуропа, яғни, Португалия, Италия, Испания және Грекия елдері көп шығынға батады.

 

І тоқсанда АҚШ-тың ІЖӨ 4,8% төмендеді

Биыл бірінші тоқсанда АҚШ-тың ішкі жалпы өнімінің көрсеткіші жылдық мәнде 4,8%-ке төмендеді. Бұл туралы елдің Сауда министрлігінің алдын ала жасаған есебінде жарияланды. Мамандардың айтуынша, көрсеткіштің төмендеуіне коронавирус пандемиясына байланысты штаттарда енгізілген шектеулер әсер еткен. Салдарынан ішкі жалпы өнімнің негізі саналатын тұтынушылық шығындар 7,6%-ке төмендеді. Мұндай құлдырау 1980 жылдан бері алғаш рет тіркелді. Ал инвестиция 5,6%-ке кеміген. Сондай-ақ қаңтар мен наурыз аралынғында экспорт көлемі 9%, ал импорт 15%-ке төмендеген. АҚШ көнгресіндегі қаржы басқармасының мәліметтеріне қарағанда, екінші тоқсанда елдегі жұмыссыздық деңгейі 14%, ал үшінші тоқсанда 16%-ке жетуі мүмкін.

 

Boeing қызметкерлерінің 10%-і қысқарады

Boeing әуе компаниясы қызметкерлерінің 10%-ін қысқартады. Басшылықтың мұндай шешім қабылдауына компанияның соңғы екі тоқсан бойына шығынға батуы себеп болды. Сондай-ақ олар өздері жасайтын 787 дримлайнер ұшақтарының санын азайтпақ. Әу баста ұшақ жасауға АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы кесірін тигізген еді. Кейін COVID-19 індетінің таралуы екінші соққы жасады. Осылайша, компаняның негізгі табысы айтарлықтай кеміді. Ал Қазақстанда 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейстері жанданады. Ал төртінші мамырдан бастап елорда мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей бағыттарына ұшақ қатынасы ашылады.

 

Еліміздегі құс фабрикаларына қолдау жасалады

Еліміздегі жұмыртқа шығаратын кәсіпорындарға субсидия берілетін болды. Құс фермаларының жұмысына қолдау көрсету үшін үкімет 5 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі жариялады. «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биылдан бастап жұмыртқаға берілетін субсидия тоқтауы тиіс еді. Алайда, COVID-19 індетінің таралуы тауардың өзіндік құнына кері әсер етті. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа шығарумен айналысатын кәсіпорындарға қысқартылған негізде, яғни, бір жұмыртқа үшін 1,5 теңге көлемінде қолдау жасайды. Бұған қоса, етті тауық алуға және тауарды экспорттау кезінде тасымалға кеткен шығындар субсидияланады. Айта кетейік, Қазақстанда жұмыртқа өндірумен айналысатын 31 құс фабрикасы бар. Болжам бойынша олар жылына 5,5 миллирд дана жұмыртқа шығарып, отандық нарықты 100% қамтиды. Ал, артығын шет елге сата алады. Мәселен былтыр 527 миллион дана жұмыртқа экспортталды.

 

Алдағы 5 жылда бензин 30%-ке қымбаттайды

Наурыз айыннан бері елімізде бензин мен дизельдің көтерме бағасы 10%-ке төмендеді. Алайда, оның арзандауына мұнай құнының құлдырауы емес, ішкі нарықта сұраныстың 40%-ке азаюы әсер еткен. Сарапшылардың айтуынша, бензиннің өзіндік құнында мұнайдың үлесі 11-14% қана. Сондықтан қара алтынның арзандауы бензин бағасына қатты әсер ете қоймайды. Бүгінде әлем бойынша жанармай құны ең арзан елдердің ішінде Қазақстан 11-орында. Десе де, 2025 жылға қарай бізде де баға өседі деген болжам бар. Себебі Еуразиялық экономикалық одақ аясында мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы іске қосылады. Оған сай одаққа мүше елдердің нарығында жанармай бағасы бірдей болуы шарт. Яғни, бес жылдың ішінде біздегі бензин 30%-ке қымбаттауы мүмкін. Қазір отандық мұнай өңдеуіш зауыттар ішкі сұраныстан 24% артық бензин шығара алады.

***

Биыл бірінші тоқсанда Қазақстан сырт елдерден 30 тоннадай құлпынай импорттады. Оның басым бөлігі Қытай, Түркия және Нидерланд елдерінен әкелінген. Ауылшаруашылық министрлігі өкілдерінің айтуынша, бізде Құлпынай оңтүстік өңірлерде өседі және мамырдың соңында піседі. Бүгін нарықтағы баға айдарында осы құлпынайдың бағасына шолу жасаймыз.

Өңірердегі тілшілер жіберген ақпаратты саралай келе, Қазақстан бойынша құлпынай ең қымбат аймақ Ақтау екенін байқадық. Мұна оның келісі 5 мың теңге шамасында саудаланады. Ал, Алматыда келісі 4,5 мыңнан алуға болады. Қостанайлықтар дәмі тіл үйіретін жидекті жеу үшін 3500 теңге төлейді. Орталық Қазақстанда баға сәл төмендейді. Мұнда келісі 3200 теңгеден. Елорда мен Орал қалаларында құлпынайды 2500 теңгеден алуға болады.

***

Енді Валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынш, АҚШ-тың бір доллары 429 теңге 41 тиынға тең. Ал Еуро 466 теңге 8 тиын. Ресей рублі 5 теңге 83 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы