411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әуе билеттері қымбаттамақ

  • 287
  • UPD: 10:53, 01.05.2020

Мамырдың ортасына қарай елімізде әуе билеттері қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Air Astana компаниясының вице-президенті мәлімдеді. Оның айтуынша, ұшақта жолаушылар арақашықтық сақтап отыруы тиіс деген талап әуе компаниялары үшін тиімсіз. Себебі ұшақ сыйымдылығын толтырмай, ұшу тасымалдаушы компанияны шығынға батырады.

Әуе компаниялары бұрынғы бағаны оныншы мамырға дейін сақтауға уәде беріп отыр. Оған дейін ұшуға қатысты санитарлық талаптар өзгермесе, баға біртіндеп көтеріледі.

Ұшақтағы жолаушылардың арасында бос орын болуы тиіс деген талап әуе компанияларын шығынға батырады. Air Astana компаниясының вице-президенті Ердәулет Шәмшиев осындай пікірде. Оның айтуынша, автобус немес жеңіл көлікпен жолаушы тасымалдайтындарға мұндай талап қойылмаған. Яғни олар бос орынның барлығына адам отырғыза алады. Сондықтан тек ұшақтарға қатысты қойылған бұл талап қиысынға келмейтінін жеткізді. Пікірді SCAT әуе компаниясының вице-президенті де қуаттайды. Ол төтенше жағдай кезінде тарифтердің бұрынғы қалыпта сақталатынын, бірақ бұлай жалғаса берсе, компаниялардың банкрот болатынын айтады. Сондықтан 10 мамырдан кейін билеттердің құнын көтеруге мәжбүр. Ал еліміздің Азаматтық Авияция комитеті билеттердің бағасы бұрынғы күйде қалатынын айтқан болатын.

Қытайда әуе қатынасы жандана бастады

Ал Қытайда жағдай тұрақтала бастады. Бұл ел мамыр айында 400-ден астам әуе рейсін іске қоспақ. Яғни күніне әлемнің 35 елінен 14 халықаралық рейсті қабылдайды. Бұл туралы осы елдің азаматтық авиация басқармасы жариялады. Болжам бойынша, ұшақтың көбі Еуропа елдерінен қатынайды. Одан кейін, Оңтүстік Корея, және АҚШ пен де әуе байланысы жанданады. 29 сәуірден бері мұнда бірнеше халықаралық әуе компания іске кірісті. Қазірдің өзінде аспан асты еліне Жапония, Канада, Ұлыбритания сынды 39 мемлекеттен ұшақ қатынап жатыр.

Сауд Арабиясының валюталық қоры азайды

Наурызда Сауд Арабиясының валюталық қоры 465 миллиард АҚШ долларына қысқарды. Мұндай теріс көрсеткіш 2011 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Елдің қаржы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, жылдың бірінші тоқсанында бюджет тапшылығы 9 миллиард долларды құрады. Алғашы үш айда мұнайдан түсетін табыс 24 процентке кеміген. Ал жалпы кірістер 22 процентке азайған.

«Қазмұнайгаз» орталық аппарат қызметкерлерінің 34% қысқартады

ҚазМұнайГаз компаниясы орталық аппараттағы қызметкерлерінің санын 34 процентін қысқартады. Осылайша шаттағы 729 адамның 480 ғана қызметінде қалады. Қалғаны жұмыстан босайды. Дегенмен оларға компания тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мұндай шешім директорлар кеңесінің отырысында жасалды. Жиында орталық аппарат жұмысын оңтайландыру мәселесі талқыланды. Нәтижесінде геология, барлау және өндіру бөлімдері бірікті. Сондай-ақ бірнеше басқарма қосылып, 22 басқарма директоры қысқарды. Бұған қоса департаменттердің саны үш есеге азайды.

СҚО диқандары 3 миллионға жуық алқапқа бидай егіледі

Биыл солтүстікқазақстандық диқандар 4,2 миллион гектар алқапқа егін егеді. Оның 2,8 миллион гектарына бидай сеппек. 1 миллион гектарға майлы дақылдар 350 мың гектар жерге мал азығы және 32 жарым мың гектарға картоп, 6 мың гектарға көкөныс егеді. Егіс науқанына қажетті техника 99 процент дайын. Сондай-ақ биыл өңір шаруалары 6,7 миллиард теңгеге жаңадан 433 ауылшаруашылық техникасын алды. Көктемгі егіс науқанын жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысына жеңілдікпен 69 мың тонна дизель отыны берілді. Бұған қоса қаржы институттары 316 шаруа қожалықтың өтінішін мақұлдап,16,6 миллиард теңге қосымша қаржы берді.

Қазақстан бойынша қияр оңтүстік өңірлерде арзан болатыны белгілі. Мәселен, Таразда бір келісінің орташа бағасы 320 теңгеге саудаланады. Ал батысқа қарай, яғни Атырауда баға бірден 180 теңгеге қымбат. Мұнда келісі 500 теңге шамасында. Қарағандылықтар қиярды 550 теңгеден алып жүр. Петропавлда келісі 560 теңгеге бағаланады. Қостанайда құнына тағы 100 теңгедей қосылып, келісі 650-ден сатылады. Өскеменде Таразбен салыстырғанда екі есе қымбат. Яғни келісі 700 теңге шамасында. Ал Қазақстан бойынша қияр ең қымбат өңір – Павлодар. Мұнда келісі 750 теңгеден сатылады

Енді Валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша,, АҚШ-тың бір доллары 424 теңге 57 тиынға тең. Ал еуро 461 теңге 13 тиын. Ресей рублі 5 теңге 81 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы