411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШОБ компаниялары дефолт алдында тұр

  • 215
  • UPD: 10:42, 07.05.2020

Төтенше жағдай тәртібі кезінде шығынға батпаған шағын бизнес субъектілеріне азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды жатқызуға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған қос салада табыс көлемінің өсімі байқалады. Әсіресе фармацевтер кенелген пайда мөлшері 33 процентті құрайды. Бұл деректі KPMG компаниясының аудиторлары ұсынды.

Телекоммуникациялық компаниялардың табыс көлемі артқан. Өсім көрсеткіші 20 процентке тең. Тағам сату саласындағы түсім көлемі шамамен 11 процентке өскен.

ШОБ компаниялары дефолт алдында тұр

KPMG аудиторлық компаниясы дефолт алдында тұрған бизнес салаларын атады. Әсіресе, шағын және орта бизнес секторы дағдарыс кезеңіне өтуде. Вирус кесірінен елдегі фитнес-индустрия компаниялары табыстан қағылды. Артынша, тойханалар мен мейрамханалар келеді. Әуе тасымалы да осы қатарда. Азық-түлік сатпайтын өзге дүкендер де пайда табу қарқынын жоғалтты. Бірқатар әуекомпания шығынды өтеу үшін жүк тасымалына ауысты. Ал тұрмыстық техника мен шаруашылық заттарын сататын дүкендер, кафелер мен ресторандар тапсырысты телефонмен немесе сайт арқылы онлайн қабылдай бастады. Экономистердің санауынша, жоғарыда аталған салалардың едәуір бөлігі банкротқа ұшырайды немесе филиалдар санын қысқартады.

Ал зерттеулер және консалтинг орталығының сарапшылары карантиннен кейінгі құлдилауды Қазақстанның үшінші модернизация шағы деп атайды. Еліміздегі модернизация мен жүйелі реформаларды жүргізу мәселелері бойынша талдау және зерттеу жұмыстарын таныстыру кезінде бұл жайлы орталық сарапшысы Әнуар Боранбаев айтты деп хабарлады ҚазАқпарат.

Иран ислам республикасы валютасының атауын өзгертеді

Иран Ислам Республикасы валютасының атауын риалдан туманға өзгертіп жатыр. Өйткені риал атауын күнделікті өмірде ирандықтар өте сирек қолданады екен. Халық арасында туман атауы кең тараған. Бұл туралы шешімді ел президенті Хасан Рухани қабылдады. Ондағы Орталық банктің құнды қағазында және дүкен сөрелеріндегі баға белгісінде риал деп жазулы тұрады. Алайда ирандықтардың барлығы дерлік ақшаны туманға аударады. Осы күнге дейін бейресми саналып келген туманның құны негізінде 10 риалға тең. Төл валютамызға шаққанда бұл шамамен мың теңге.

Қостанайда қырыққабаттың келісі – 95 теңге. Көкшетауда 140 теңге. Өскеменде 150 теңге. Таразда 50 теңге. Ақтауда 150 теңге. Ақтөбеде 90 теңге. Елордада 170 теңге.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы - 420 теңге 92 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 422-423 теңгеге сатып алуға болады. Еуро құны 453 теңге 92 тиын болса, Ресей рублі 5 теңге 66 тиын.

Хабар 24 телеарнасы