413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин сақтандыру саласында жүрген делдалдардың кәсібіне кесірін тигізді

  • 151
  • UPD: 10:55, 12.05.2020

Карантин сақтандыру саласында жүрген делдалдардың кәсібіне кесірін тигізді.

Шектеулерге байланысты сақтандыру келісімдері жасалмай қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қоса, жұрт қызметті онлайн алуды меңгере бастады.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Басыңа іс түскенде қасыңнан табылып, қалтаңды қағып кететін көмекшілер карантинде табысынан айырылды. Десе де, кейбірі жол апатына түскендерге сақтандыру компаниясы «төлейтін соманың 40%-ін берсеңіз, құжаттардың бәрін өзім реттеймін» деп қызметін ұсынған. Оларға сеніп, алданғандар да жоқ емес.

Сәуір айында көлігін сақтандырған қазақстандықтардың саны былтырғыдан екі есе азайып кетті. Яғни, өткен жылы сәуірінде 447 мың сақтандыру келісімі жасалған еді. Ал, биыл тек 222 мың ғана. Сарапшылардың айтуынша, осы аралықта елдегі сақтандыру компаниялардың 19%-і ғана сату деңгейін сақтап қалды. қалғандарында келісім саны кеміген. Оған, әрине, карантин себеп. Біріншіден, алып-сату азайды. Сондай-ақ сыртқа саяхаттайтын туристерді сақтандыру тоқтады. Бірақ сақтандыру компаниялары онлайн режимде жұмыс істей берді. Айта кету керек, соңғы кезде сақтандыруды онлайн рәсімдеу жиілеп кетті. Былтыр бірінші тоқсанда 5 мың келісім жасалса, биыл дәл сол аралықта 62 мың келісім жасалған.

 

Қазақстандық диқандар егін алқабына тыңайтқышты аз себеді

Қазақстандық диқандар егін алқабына қажетті тыңайтқышты жеткілікті деңгейде сеппей келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің айтуынша, егін көлеміне қарай елдің ішкі нарығында тыңайтқышқа деген сұраныс 2,5 миллион тонна болуы тиіс. Алайда, диқандар оның 400 мың тоннасын ғана пайдаланады. Соның салдарынан өнім көлемі көрші елдермен салыстырғанда екі-үш есе аз. Яғни, гектарына 12 центнерден аспайды. Ал Ресейде бұл көрсеткіш 25-26, Беларусь республикасында 35-36 центнерге дейін барады. Бұл қазақстандық диқандардың тың технологияларды қолданбайтынын көрсетеді. Ал тыңайтқыш шығаратын отандық кәсіпорындар өндіріс көлемін ұлғайтып жатыр. Биыл қаңтар-наурыз аралығында елде 115 мың тоннадан астам азот және 50 мың тонна фосфор тыңайтқыш жасалды. Азоттың 90%-тейі Маңғыстауда, Ал фосфордың 95%-і Жамбыл облысында өндіріледі. Бүгінде жергілікті кәсіпорындар фосфорлы тыңайтқышпен Қазақстан нарығын 100% қамтиды. Ал азоттың жартысына жауығы импортталады.

 

Құрылыс саласына инвестиция азайып кетті

Жылдың бірінші тоқсанында елдің құрылыс саласына құйылатын инвестиция екі есеге кеміп кетті. Яғни, қаңтар мен наурыз аралығында салаға 11,82 миллиард теңге тартылды. Оның 94%-і құрылыс компанияларының есебінен алынды. Ал 1,5%-і банктік несиелер, 4%-і өзге де қарыздар. Инвестиция көлемі азайса да, құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ке артқан. Алғашқы үш айда құрылыс саласына қаржыны көп бөлген өңірлердің көш басын Атырау облысы бастап тұр. Одан кейін Алматы облысы және Алматы қаласын. Жалпа ел бойынша 17 өңірдің бесеуі ғана құрлыс саласына қаржыны былтырғыдан қарағанда көбірек құйған.

 

Сауд Арабиясының қорында қаржы азайды

Сауд Арабиясының билігі үкімет шығындарын 26,6 миллиард долларға қысқартты. Оған ел қазынасындағы қаржының азаюы себеп. Енді мемлекет бюджетін аяқтан тұрғызу үшін қосымша құн салығы үш есе қымбаттайды. Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі әлеуметтік көмек 1 маусымнан бастап берілмейді. Бұдан бөлек, мемлекет бастамаларын жүзеге асыру үшін алу жоспарланған несиелерді қысқарту  тіпті кейбірінен бас тарту мәселелері қарастырылып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, Сауд Арабиясы үлкен қаржылық дағдарысқа тап болуы мүмкін. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, 2014 жылы Корольдіктің қоры 375 миллард АҚШ долларын құраған еді. Алайда, бюджет тапшылығын жабуға көп қаржы жұмсалып, үшін жылда қордағы сома үш есеге кеміді.

***

Бүгін «Нарықтағы баға» айдарында құрманың құнына шолу жасаймыз. Рамазан айында оған сұраныстың артатыны белгілі. Осыған байланысты бағасы қалай құбылды? Өңірлердегі тілшілер жіберген ақпарат бойынша құрма елдің солтүстігінде қымбат екенін байқадық.

Қазақстан бойынша құрма ең арзан өңір Түркістан облысы. Мұнда келісі 500-600 теңгеден басталады. Ал ШҚО-да сәл қымбаттау. Өскемен қаласында құрманың арзаны 750-850 теңге шамасында. Көкшетауда 900, Қарағандыда 1000 теңгеден басталады. Батыс өңірлерде құрманың бағасы 1000 теңгеден жоғары. Нақтырақ айтсақ, Ақтауда келісі 1000-1100, ал Атырауда 1200 теңгеге саудаланады. Қостанайда құрманың келісі 1700-ден. Петропавл және Нұр-Сұлтан қалаларында оның ең арзаны 2000 теңгеден сатылады. Ал жоғарғы сұрыпты құрмның келісі 5-6 мың теңгеге дейін барады.

***

Енді Валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 420 теңге 23 тиынға тең. Ал еуро 454 теңге 81 тиын. Ресей рублі 5 теңге 7 тиын деп белгіленген.

 

Хабар 24 телеарнасы