420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің ОПЕК+ келісіміне кіруі тиімді ме?

  • 433
  • UPD: 11:24, 27.05.2020

Биылдың өзінде мұнай экспорттаушылардың ұйғарымы нәтижесінде Қазақстан мұнай өндірісін 86 млн тоннаға шегереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастапқы жоспардан 4 миллионға аз.

Сарапшылар ОПЕК+ келісімінің маңызды екенін айтады. Себебі, еліміз мұнай өндірісінен гөрі бағасының өсуіне мүдделі.

Мұнай өндірісінің айтарлықтай азаюы экономикаға соққы болғаны анық. Қазақстандық мұнайға сұраныс бар. Бірақ бағаның тиімді құрылуы тек ОПЕК+ келісімшартына байланысты болмақ. «Ұсыныс пен сұранысты тең ұстау маңызды», дейді мамандар. Ал бюджет толығу үшін баға өсуі керек. Қазірдің өзінде мұнай құны альянстың өндірісті азайтуына ықпал етті.  Мысалы Brent маркалы өнім наурыздың ортасында 36 доллардан асқан. Десе де, өндірісті азайтып, экономикаға әсер етпеу мүмкін емес. Бүгінде еліміздегі мұнай-газ саласы ЖІӨ-нің 15%-і құрайды. Ал кірістің 40%-і осы мұнайдың үлесінен. Енді бұл көрсеткіш 5%-ке дейін түсіп кетуі ықтимал. Яғни, ахуал нашарлап, жұмыссыздық дендеуі мүмкін. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығында соңғы рет мұндай көрсеткіштің 25 жыл бұрын тіркелгенін айтты.

***

Жапонияда ТЖ режимі қайта енгізілуі мүмкін

Пандемия зардабы Жапонияның ұлттық экономикасын айналып өтпеді. Мұндағы кәсіпорындар жұмысын жандандырып жатыр. Бірақ қарқын бәз-баяғыдай емес. Еске салайық, ел премьер-министрі Синдзо Абэ дүйсенбі күні бір ай бұрын енгізілген төтенше жағдай режимін алып тастады. Елде кеселді жұқтырғандар көп болған жоқ. Өйткені сақтық шараларын сақтау жапон халқының қанында бар қасиет. Десе де, экономиканың барлық саласы ақсаған. Әсіресе, туризм, мейрамхана бизнесі құлдырады. Мұндағы жетекші желілік мейрамханалар бір айда жалпы табысының 40%-ін жоғалтты. Бұл рекордтық антикөрсеткіш. Қайта өңдеу саласы жұмысшылар санын наурыз айына қарағанда 6 есе қысқартуға мәжбүр болды. Елде шектеулер алына бастады. Бірақ індет өршитін болса, төтенше жағдай қайта енгізілуі мүмкін. Әзіргі амал – медицина саласына бөлінетін қаржыны еселеу.

***

Қытай IT инфрақұрылымға 70 млрд доллар инвестиция құймақ.

Қытай технологиялық алыптарының бірі алдағы бес жылда IT инфрақұрылымға 70 млрд доллар инвестиция құймақ. Яғни, 500 млрд юань жасанды интеллект пен киберқауіпсіздікке бағытталады. Сондай-ақ блокчейн, серверлер, деректерді өңдейтін үлкен орталықтар да бар. «WeChat қосымшасын шығарған авторлар бүгінде ел аумағында танымал әрі олардың қызметі сенімді», - дейді мамандар. Ұйым офлайн индустрия мен мемлекеттік саланы ұжымдық бағдарламамен қамтуды мұрат етіп отыр. Төртінші тоқсанда Tencent кәсіпорны Қытай бұлтты технологиясы нарығының 18% қамтыды.

Қытайда экономиканы қалпына келтіру үшін орталық банктен 827 млрд доллар бөлінді. Ал, Еуроодақ бұл мақсатқа 1 трлн еуро бағыттамақ. Сондай-ақ елде дағдарыстан қоршаған ортаны қорғау арқылы шығу жоспары бар. Әсіресе, автоиндустрияға көңіл бөлінбек. Мысалы, Брюссель экологиялық таза көліктерді сатып алуға ден қойған. 2025 жылы Еуроодақ аумағында көліктерді қуаттайтын 2 млн бекет салынады. Үнемді темір жол салу да жоспарланған. Сол арқылы отынды көп шығындайтын әуе рейстерін азайтпақ. Тұрғын үй құрылысына да экологиялық әдіс қолданылуы мүмкін. Одақ төрағасының айтуынша, мұндай шешім пандемияға дейін қабылданған болатын.

***

Енді еліміздегі қызанақ бағасына шолу жасайық. «Нарықтағы баға» айдарына зер салыңыз.

Қарағандыда бір келі қызанақ 450 теңге, Алматы, Түркістан жұртшылығы да осындай бағаға алады. Қызылорда мен Көкшетауда өнім құны 550 теңге шамасында, Қостанайдан бір келі қызанақты 650 теңге аласыз. Оралда 700 теңге, елордада 800 теңге болса, Өскемен мен Семейде 850-900 теңге сатылып жатыр.

***

Еліміздегі валюта бағамына тоқталайық. Ұлттық банктің мәліметінше, бір доллар 413,09 теңге, еуро 452 теңге, рубль 5,79 теңгеге теңге.

Хабар 24 телеарнасы