420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыты салынады

  • 546
  • UPD: 10:48, 28.05.2020

Отандық геологиялық барлауға тартылған инвестиция көлемі 158 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы күні кеше Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кезінде айтты. Былтыр жер қойнауын пайдалану бойынша қазақстандық мамандарды оқытуға 21 млрд теңге жұмсалған.

Бүгінде Қазақстанда көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге арналған 235 келісімшарт тіркелген, оның ішінде: барлауға – 54, бірлесіп өндіруге – 96, өнімді бөлу туралы келісім бойынша – 11. Ал уран бойынша 25 келісімшарт жасалды деді Нұрлан Ноғаев. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар есебінен 144 мыңнан астам қазақстандық маман оқытылды. Біліктілігін арттырып, қайта даярлау курстарынан өтті. Қазіргі уақытта ведомство жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландыру бойынша міндеттемелерін орындап жатыр.

Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыты салынады

2022 жылы Қашаған кен орнында тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өндіре алатын жаңа газ өңдеу зауыты салына бастайды. Бүгінгі таңда жоба бойынша компрессорларды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Былтыр мұнай және конденсат экспортының көлемі 72 млн 200 мың тонна болса, биыл 67 жарым млн тоннаны құрайды. Алдағы уақытта Теңіз кен орнында құны 45 млрд 200 млн долларға тең және оның ішінде отандық үлесі 36%, яғни 16 млрд доллар құрайтын кеңейту жобасы жүзеге асырылады. 230-ға жуық отандық сервистік компания құрылыс жұмыстарына, металл конструкциясын жасауға тартылды. Жоба аяқталған соң қосымша 12 млн тонна мұнай өндіруге болады деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

 зық-түлік өндірісінде инвестиция көлемі артты

Отандық азық-түлік өндірісінде инвестиция көлемі артты. Мәселен, аталған салаға жыл басынан 20 млрд теңгеден астам қаржы құйылды. Инвестицияның шамамен 60 проценттік үлесі Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарына тиесілі. Аталған үш өңірде қаржылық демеу мөлшері осылайша екі артып отыр. Осыған байланысты азық-түлік саудасында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Осы мақсатта бюджеттен 24 млрд 500 млн теңге қарастырылған. Жыл сайын 360 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері сатып алынады. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіруге қажет шикізатқа басымдық берілмек.

Алматыда шоколад өндірісінің көлемі 11% азайды

Алматыда шоколад өндірісінің көлемі 11 процентке азайды. Оң динамика Қостанай облысында байқалады. Жалпы ел бойынша аталған екі өңір тәттілер өндірісінде көш бастап келеді. Жыл басынан оңтүстік астанамызда 14 мыңнан астам кондитерлік өнім шығарылса, Қостанайда 3 мың тоннаға азырақ. Алматы облысында 5 мыңнан астам тонна шоколад өндірілген. Артынша Шымкент пен Түркістан облысы келеді, қоса алғанда шамамен мың тоннадан асады. Ел бойынша ең төмен көрсеткіш елорда мен Ақтөбе қаласында. Жалпы ел бойынша барлығы 32 мың тоннадан астам тәтті өнімдері өндірілген. Осыдан 2 жыл бұрын салада регресс байқалса, биыл жыл соңына дейін шоколад өнімін тұтынушылар саны артады деп күтілуде.

Сонымен Қостанайда шекердің келісі – 185 теңге. Петропавлда 215 теңге. Семей мен Өскеменде 250 теңге. Талдықорғанда 185 теңге. Таразда 230 теңге. Түркістанда 20 теңгеге қымбатырақ. Ақтауда 180 теңге. Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде 210 теңгеден сатылуда. Ел астанасында қант бағасы 180 теңгеден басталады.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы – 412 теңге 10 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 414-415 теңгеге сатып алуға болады. Еуро құны 454 теңге 34 тиын болса, Ресей рублі 5 теңге 82 тиын.

Хабар 24 телеарнасы