427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңгенің нығаюына не себеп?

  • 737
  • UPD: 11:17, 03.06.2020

Елде жаппай қысқартулардың алдын алу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына арналған қаржының бір бөлігін кәсіпкерлерге несие ретінде беру керек.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай бастама көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонда микро және шағын кәсіпкерлік суъектілерінде жұмыс орындары сақталады.

Кәсіпкерлерге қолдау жасайтын Ұлттық палата карантин кезінде көбірек шығынға батқан салалардың қызметкерлеріне әлеуметтік төлем жасауды да жалғастыру керек деген ой айтты.

Карантин кезінде елдегі жұмыспен қамту орталықтары арқылы екі қолға бір күрек іздеушілер саны бірден 13 проценке көбейді. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш әлі де өседі. Салынған шектеулерден әсіресе қоғамдық тамақтану орындары қатты зардап шекті. Бұл салада шамамен 200 мың адам еңбек етеді. Карантиндік талаптар ойын сауық орталықтары мен демалыс саласындағы кәсіпкерлер үшін де оңай болған жоқ. Бұл салада 142 мың қызметкер жұмыс істейді. Бүгінде шектеулер енгізіліп, табыс азайғаннан кейін шағын және орта бизнес өкілдері өз қызметкерлеріне минималды жалақыны да төлей алмай отыр. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы осындай санаттағы азаматтар үшін 42 мың 500 теңгені төлеуді жалғастыра беру керек дейді. Ұсыныс үкіметке жолданды.

Теңге нығайып келеді. Кеше Қазақстан қор биржасында өткен саудада төл ақшамыздың долларға шаққандағы құны 400 теңгеге жетті. АҚШ ақшасының арзандауын сарапшылар салық төлейтін аптаның басталуымен байланыстырған еді. Бірақ бұл науқан 25 мамырда аяқталды. Ал теңге әлі де нығайып келеді. Бұған не себеп? Дәл осы сұрақтың жауабын экономист Олжас Тілеуовтен сұрап білсек дейміз.

Қару сататын дүкендердің акциялары қымбаттады

АҚШ -та қару сататын дүкендер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін компаниялдардың акциясы қымбаттады. Бұған елдегі тәртіпсіздіктер түрткі болған. Себебі ереуілшілер дүкендерді тонап, жергілікті кәсіпкерлерді шығынға батырып жатыр. Осыдан кейін жұрт өзін және мүлкін қорғауға мән бере бастаған. Мәліметтерге қарағанда, ереуілдер басталғалы елде тоқпен соғатын құрылғы шығаратын Axon Enterprise компаниясының акциялары бірден 13 процентке қымбаттады. Сондай-ақ Cemtrex компаняисынң акциялары 150 процентке өскен. Бұған қоса дабыл орнататын және күзет қызметінің де ақысы өскен. Нарықта акциялардың саны жоғарылағанмен, сауда айтарлықтай белсенді жүріп жатқан жоқ.

Шай саудасы бәсеңдеді

Елде шай өнімдерінің саудасы айтарлықтай азайды. Биыл алғашқы тоқсанда өнімнің сатылымы бірден 4 есеге кеміген. Бұл туралы энерджипром басылымы жариялады. Оған қоса өнімнің құны 8 процентке көтерлді. Мамырда түйршік шайдың келісі шамамен 3 мың екі жүзге саудаланған еді. Қазірде біраз қымбаттады. Қазақстан нарығындағы шайдың 70 проценттен астамы импорттың үлесінде. Өнім Үндістан, Кения және ТМД елдерінен әкелінеді. Биыл бірінші тоқсанда 26 жарым миллион АҚШ долларына 7 жарым мың тонна өнім жеткізілді. Ал Қазақстанда 5 жарым мың тоннадай шай мен кофе өндірілді. Оның 98 проценті Алматыда жасалған. Қазақстан бойынша шай ең қымбат өңір Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалалары.

Шаймен қатар елде кофені жақсы ішетіндер бар. Жұрт сүйсініп ішетін сусынның бірі – Американо кофесі.

Американо кофесінің бағасы Қазақстанның барлық өңірінде шамалас екен. Мәселен, Көкшетауда мөлшері 350 миллитр болатын бір шыныаяқ кофе – 400 теңге. Ақтау мен Қарағандыда да баға осындай. Ал Нұр-Сұлтан, Тараз және Оралда жүз теңгеге қымбат. Яғни 500-ден. Павлодар мен қостанайлықтар бір шыныаяқ Американо кофесі үшін 550 теңге жұмсайды.

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 402 теңге 37 тиынға тең. Ал еуро 449 теңге 81 тиын. Ресей рублі 5 теңге 86 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы