loader


«Дипломмен ауылға»: бес мың маманға баспана үшін бюджеттік несие беріледі

Отандық микроқаржылық ұйымдардың жергілікті қаржы нарығында белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігі артып келе жаты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, былтырдың соңында микроқаржы ұйымдарының активтері 38,5 процентке өсіп, 355 млрд 200 млн теңгеге жетті.

Микроқаржылық ұйымдардың белсенділігі артты

Жалпы микроқаржылық ұйымдардың нарығы үлкен қарқынға ие. Соңғы 3 жылда активтердің өсу деңгейі жылына 41 проценттен асты. Өйткені сұраныс деңгейі де өсуде. Былтыр микроқаржылық ұйымдардың қарыз портфелі 293 млрд 300 млн теңгені құрады. Бұл былтырғы кезеңгі көрсеткіштен 33,7 процентке жоғары. Ранкинг.кз ұсынған деректер осындай. Сектордағы басты бағыттарға кәсіпкерлерді қолдау, кедейшілік деңгейін азайту, қаржылық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру жатады.

Бұрын қаржылық нарықта реттелмей келген қатысушылар, яғни несиелік серіктестіктер, ломбардтар, онлайн-несиелеушілер жыл басынан бастап бақылауға алынды. Сондай-ақ шағын несиенің максималдық көлемі өсті. Яғни микроқаржылық ұйымдар 55 млн 600 мың теңгеге дейінгі көлемде несие ұсына алады. Бұл бірінші кезекте орта және ірі бизнес қатысушыларын қызықтыруы мүмкін. Сонымен қатар микроқаржылық ұйымдар жеке активтерін құнды қағазға айырбастап, инвестиция, лизинг, факторинг, форфейтинг сияқты жаңа операцияларды орындауға құқылы. Құнды қағаздар мен облигациялар шығарып, акционерлік қоғам қызметіне де көше алады. Микронесиені электрондық форматта беру арқылы сапаның жаңа деңгейіне шығу мүмкіндігі зор.

Базалық ставканың түсуі инфляцияға әкелуі мүмкін

Базалық мөлшерлеменің түсуі инфляцияға және банк жүйесіндегі депозиттердің азаюына әкелуі мүмкін. Қазір базалық ставка тепе-тең нейтралды деңгейден де төмен тұр. Биыл 9,5 проценттік базалық ставка бойынша соңғы шешімді Ұлттық Банк 27 сәуірде қабылдады. Проценттік дәліз 7,5-11,5 аралығында тұр. Еске салайық, биыл сәуір айының басында елдегі экономикалық ахуалды ескеріп, Ұлттық Банк базалық ставканы 12 проценттен жоғарыда айтылған 9,5 процентке дейін түсірген еді. Бұл шара коронавирус салдарын жоюға және елдегі іскерлік белсенділікті арттыруға бағытталған болатын. Оның ішінде несиелендіру мақсаты да бар. Қорытындылай келе, Ұлттық Банк базалық ставканы өзгеріссіз қалдырды, 9,5 процент. Финпром.кз ұсынған деректер осындай.

5 мың маманға бюджеттік несие беріледі

Бес мың маманға баспана үшін бюджеттік несие беріледі. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жас мамандарды қолдау шаралары жалғасады. Бұл туралы күні кеше еліміздің Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. Жас қызметкерлер үшін баспанаға бюджеттік несие түрінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау сомасы жыл санап артып келеді. Бүгінде оның көлемі 4 млн 100 мың теңгені құрады. Несиелеу ставкасы 15 жылға 0,01 процентті құрады. Сонымен қатар министр жоба аясында ауылдарға көшетіндерге арнайы ақы қарастырылғанын да еске салды.

Нарықтағы баға

Сонымен Қостанайда картоп келісі – 250 теңге. Семей мен Өскеменде 230 теңгеден. Талдықорғанда 2 теңгеге қымбатырақ. Шымкентте 200 теңге. Батыс Қазақстанда, Оралда 260 теңге. Ақтөбеде 10 теңгеге арзанырақ. Ел астанасында картоп келісінің орта бағасы – 300 теңге.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы – 397 теңге 31 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 399-400 теңгеге сатып алуға болады. Еуро құны 448 теңге 76 тиын болса, ресей рублі 5 теңге 83 тиын.

Сондай-ақ...