418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылы доллар құны төмендеуі мүмкін

  • 558
  • UPD: 10:50, 15.06.2020

Америкадағы Иеле университетіне қарасты зерттеу орталығының экономисі осындай болжам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның пайымынша АҚШ валютасы бірден 35 процентке құнсызданады. Болжам қандай көрсеткіштерге негізделген?

Пандемия кезінде құрама штаттарда жұмыссыз азаматтардың саны көбейіп, ел экономикасы әлсіреп қалды. Бұл мемлекеттің валюталық тепе-теңдігін өзгертуі мүмкін. Иеле университетінің экономисі Стивен Роуч осындай болжам жасады. Оның айтуынша, қазірдің өзінде АҚШ-тың ішкі қорында қаржы тапшылығы байқалады. Елде инфляция деңгейі жоғарылауы мүмкін. Сондай-ақ доллардың құнсыздануына Американың жаһанға ықпалының әлсіреуі әсер етеді. Оның үстіне президент Трамптың әкімшілігі қажет емес жерде Қытаймен сауда соғысын ашты. Бұған қоса, Ақ үй басшысы халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы ресми Вашингтонның беделін төмендетуі мүмкін.

Ауқаттыдан салықты күреп алады

Ұлыбритания билігі елдегі байлардан алынатын салықты көбейтек. Ауқатты адамдардан жиналған қаржы коронавирус кезінде табысынан айырылған отбасыларға әлеуметтік көмекке ретінде беріледі. Осылайша Корольдіктің қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет тапшылығының орнын толтырмақ. Себебі пандемияға байланысты қосымша шығындар көбейді. Салық жеңілдіктер жасалды. Салдарынан Ұлыбритания қазынасы 167 миллиард доллар кірістен қағылды. Сарапшылардың пайымынша, қазынаны толықтыру үшін жинақ ақша мен жалпы капитал өсіміне салық салуы мүмкін. Сондай-ақ үкімет ірі кәсіпкерлерге мемлекеттік облигацияларды сатып алу немесе жаңа жобаларға инвестиция құю туралы ұсыныс жасауы мүмкін.

Сенат сайлауына 254,5 млн теңге жұмсалады

Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге респблуикалық бюджеттен 254 жарым миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы хабарлады. Қаржы науқынды ұйымдастыру, мәслихат депуттаттарының жүріп-тұруы, үміткерлерге насихат жүргізу және сайлау бөлімшелерін талапқа сай жабдықтауға жұмсалады. Қаржыландыру жергілікті атқарушы органдардың есепшоты арқылы жүргізіледі. Ал өңірге қанша сома бөлінетіні сайлаушылар мен сол өңірде сайлауға түсетін үміткерлер санына байланысты үлестіріледі. Оджан әрі қаржыны тиімді жұмсау аймақтық сайлау комиссиясына жүктеледі. Айта кетейік, бұған дейінгі сайлау науқанында әр депутатқа 400- 600 мың теңге қарастырылған еді. Жоспар бойынша депутаттарды сайлау 12 тамызда өтеді.

Мал басы өсіп келеді

Бір жыл ішінде елімізде мүйізді ірі қара басы 4 процентке көбейді. 1 мамырдағы есеп бойынша, оның саны 8 миллион 800 мыңға жеткен. Ал қой басы 22 миллионнан асқан. Жылдық өсім 3 процентке жуықтайды. Ал ешкі саны керісінше бір жарым процентке кеміді. Жылқы саны 3 миллон екі жүз мыңнан асса, түйе 200 мың мыңға жетті. Жалпы биыл қаңтар мен сәуір аралығында мал шаруашылығы саласы 657 миллиард теңгеге өнім өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 процентке көп. Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында. 106 миллиард теңгенің өнімін шығарған. Топ үштікке Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары кіреді. Жыл соңына дейін мал шаруашылығы саласы 2,6 триллион теңгеге өнім шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жаңадан 9 құс фабрикасы ашылмақ. Өнім негізінен ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталады.

Іскерлік белсенділік әлі де төмен

Қазақстан экономикасындағы іскерлік белсенділік әлі де төмен. Әзірге тек құрылыс пен қызмет көрсету саласының өне бойына қан жүгірді. Карантин талаптарына байланысты бизнестің өзге секторларында белсенділік төмен. Ұлттық банктің мәліметтеріне қарағанда, сәуірде іскерлік белсенділік индексі 37 процент болған еді. Мамырда 44-ке көтерілді. Яғни кәсіптің жартысынан көбі толық қуатта жұмыс істеп жатқан жоқ. Республика бойынша, қостанайлық кәсіпкерлер іске бел шеше кіріскендей. Мұнда өндіріс көрсеткіші 21 процентке өскен. Сарапшылардың айтуынша, көрсеткіштің артуына машина жасау зауыттарындағы белсенділік әсер етті. Себебі соңғы айларда өңірде жасалған жеңіл және жүк көліктерінің саны екі есеге көбейген.

Бүгін «Нарықтағы баға» айдарында алмұрттың құнына шолу жасаймыз. Өңірлердегі тілшілер жіберген ақпарат бойынша жемістің бұл түрі елордада қыбат екенін байқадық.

Қазақстан бойынша жеміс оңтүстік өңірлерде арзан болатыны белгілі. Мәселен Қызылордада алмұрттың бір келісін шамамен 600 теңгеге алуға болады. Ал Түркістанда 650-ден. Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында алмұрттың орташа бағыс 700 теңге. Қостанай мен Петропавлда жемістің бұл түрін 800 теңгеден сатып ала аласыз. Батыс Қазақстанда құны 50 теңгеге қымбаттайды. Яғни Оралда алмұрттың келісі 850-ден. Елордада бір келі алмұрт үшін мың-мың екі жүз теңге жұмсайсыз.

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша  АҚШ-тың бір доллары 403 теңге 38 тиынға тең. Ал еуро 456 теңге 67 тиын. Ресей рублі 5 теңге 81 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы