419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде сары май қымбаттады

  • 600
  • UPD: 11:47, 17.06.2020

Келер жылы әлемде мұнайға сұраныс артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол кезде тәулігіне өндірілетін қара алтынның көлемі 5,7 миллион баррелге ұлғайуы мүмкін. Халықаралық энергетика агенттігі мамандарының болжамы осындай.  Бұл нарықтағы мұнай бағасына және біздің елге қалай әсер етеді?

Сарапшылардың айтуынша, мұнай нарығында әлі де тұрақсыздық бар. Десе де, кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін сұраныс артқан. Сәйкесінше, баға да аздап көтерілді. Бүгінде брент маркасы 40 АҚШ доллары шамасында саудаланады. Бірақ бұл қазақстандық мұнай компаниялар үшін қолайлы баға емес әрине.

Қазақстанның мұнай нарығы келер жылдың жазына дейін толық қалпына келе алмайды. Мұндай пікірді мұнай саласында қызмет көрестетін компаниялар одағының басшысы Рашид Жақсылықов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі ахуал 2015 жылғы дағдарыспен ұқсас. Ол кезде Брент маркасы 28 АҚШ долларына дейін төмендеген еді. Қазір шағын компаниялар өз қызметкерлерінің жалақысын төлеп, жұмыс күшін сақтап қалу үшін «ҚазмМұнайГАз», «Теңішевройл» сынды алпауыт компаниялардан көмек сұрап отыр. Егер келісімге келсе алдағы алты айда штатты толық сақтап қала алады. Сондай-ақ сарапшылар  Қарашығанақ пен Қашаған кәсіпорындардың қуаттылығын кеңейту туралы жоспар биыл жүзеге аспауы мүмкін деген болжам жасады.

Жыл басынан бері алтын $200 қымбаттады

Әлемдік нарықта алтынның құны артып келеді. Жыл басынан бері оның бағасы 200 долларға көтерілді. Мәселен қаңтарда алтынның унциясы мың 520 АҚШ долларына бағаланса, қазір мың 720 доллар шамасында саудаланып жатыр. Сарапшылар алтынның қымбаттауына, мемлекеттер мен орталық банктердің құнды металға деген сұранысының жоғары болуы әсер етті дейді. Оның үстіне коронавирус індетінің екінші толқыны келеді деген болжам алтынның одан әрі қымбаттауына әсер етуі мүмкін. Ал күміс керісінше, арзандады. Жыл басынан бері оның бағасы 17 жарым долларға төмендеді. Айта кетейік, еліміздің Ұлттық банкі бір грамм алтынның құнын 22 мың 275 теңге деп белгілеген.

Ресей билігі көліктерді көгілдір отынға көшірмек

Ресей билігі елдегі көліктерді бензиннен газға ауыстыруға ниетті. Осы мақсатта көлігіне газбен жүретін құрылғы орнатқандарға берілетін субсидия көлемін екі есе көбейтпек. Бұған дейін кеткен шығынның 30 процентін мемлекет төлейтін еді. Енді елдің энергетика министрі оны 60 процентке көтеру туралы үкіметке ұсыныс жасады. Министрлер кабинеті бастаманы қолдаған. Өз кезегінде «ГазПром» басшылығы шығынның тағы 30 процентін  көтеретіні туралы айтты. Осылайша, көлік иесі тек 10 процентін төлеу арқылы темір тұлпарын бензиннен газға ауыстырып алады. Айта кету керек, Ресейде көлікке метан газы құйылады. Оның құны бензиннен екі жарым үш есе арзан. Жергілікті билік бұл қадам арқылы халықтың шығынын азайтып, бизнесті қолдамақ ниетте.

Екі аптада армениядан әкелінген 2 мың көлік тіркелді

Осы айдың басынан бері Қазақстанға Армениядан әкелінген 2 мың көлік мемлекеттік тіркеуге алынды. Жаңа нөмір алғандардың жартысы елдің батыс бөлігінде. Яғни, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысының азаматтары. Бірақ рөлі оң жақта орналасқан темір тұлпарлар тіркеуге алынбайды. Сондай-ақ көлікті Арменияның құзырлы органы берген техникалық паспортындағы иесі ғана Қазақстанда тіркеп, мемлекеттік нөмір ала алады. Ал сенімхат немесе сақтандыру полисі арқылы сатып алғандар, өз атына тіркей алмайды. Десе де жүргізуге құқығы бар. Көлік Арменияның мемлекеттік органдарында тіркеуде болғандықтан Қазақстанда оларға сары нөмір беріледі. Үкімет қаулысына сай, Армениядан келген көліктерді тіркеуге шамамен 12 мың теңге кетеді

Су жолдарындағы тасымал артты

Биыл алғашқы бес айда еліміздегі Ақтау және Құрық порттары арқылы 2,6 миллион тонна жүк тасымалданды. Сондай-ақ жүк көліктерін бір кемеден екінші кемеге ауыстырып тиеу көлемі 10 процентке артты. Ал контейнерлерді ауыстырып тиеу 19 процентке көбейген. Яғни, биыл 11712 контейнер қайта тиелді. Қаңтар-мамыр айларында Каспий теңізіндегі порттар арасында 1 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104% көп. Сондай-ақ карантин кезінде Баку-Құрық паромдық қатынасымен 161 адам елге жеткізілді. Ішкі су жолдарында навигациялық кезең басталғалы өзен көлігімен 153 мың тонна түрлі жүк тасымалданды. Бұл 2019 жылдың 5 айындағы көрсеткіштен 8% көп.

Сары май 16% қымбаттады

Қазақстанда сары май қымбаттады. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда сүт өнімінің құны бір жыл ішінде 16 процентке өскен. Осылайша мамыр айында оның келісі екі жарым мың теңгеге бағаланды. Жылдың алғашқы тоқсанында отандық кәсіпорындар 6 мың тонна сары май өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 проценке көп. Десе де, шет елден әкелінетін сары майдың көлемі бірден екі есе артып, ішкі нарықтың 27,3 проценті импорттың үлесінде қалды. Ал сары майды экспорттау көрсеткіші 36 процентке кеміген. Айта кету керек, Қазақстанда шығарылатын сары майдың төрттен үші Алматы қаласы мен Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында өндіріледі.

Бүгін «Нарықтағы баға» айдарында осы сары майдың құнына шолу жасаймыз.  Өңірлердегі тілшілер жіберген ақпарат бойынша май Алматы қаласында қымбат екенін байқадық.

Қазақстан бойынша сары май ең арзан өңір Талдықорған. Мұнда келісі 850 теңгеден басталады. Ал Ал ақтауда бірден мың теңгеден асып кетеді. Қостанай халқы сүт өнімінің келісіне 1200 төлейді. Қызылорда мен Семейде де баға осындай. Ал елордада бірден мың теңге айырмашылық байқалады. Мұнда сары майдың келісі екі жарым мыңның шамасында. Ал нанға майды жағып жеужі жақсы көретін алматылықтар келісі үшін 3500 төлеуге мәжбүр.

Авторы: Талғатбек Әбдіқожа

Хабар 24 телеарнасы