418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтынға инвестиция құю қаншалықты тиімді?

  • 460
  • UPD: 12:58, 23.06.2020

Әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Голдман Сакс сарапшылары коронавирус кезінде қайда ақша құю керектігін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алтын бағасы рекордтық деңгейге көтеріліп, бір унциясы 1759 долларды құрады. Биыл құнды метал 15 процентке қымбаттады. Бұған коронавирус пандемиясы кезінде инвесторлардың тұрақты салым іздеуі негіз болды. Ал әлемде вирустың екінші толқыны болады деген ақпараттан кейін алтынның бағасы одан сайын өсуде. Жақын арада құнды металл бағасы 1765 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Соңғы рет мұндай көрсеткіштер 2012 жылы тіркелген. Сондықтан америкалық сарапшылар алтынға инвестиция құюға шақырады. Дағдарыс кезінде бұл ең оңтайлы шешім дейді мамандар. 

Пандемия электронды сауда нарығына оң әсер етті

Коронавирус пандемиясы электронды сауда нарығына оң әсер етті. 2025 жылға қарай оның бөлшек саудадағы үлесі 10% жетеді. Былтыр Қазақстанның ішкі нарығында желідегі бөлшек сауда көлемі бірден 43%-ке өскен. Қолма-қол емес төлемдер де электронды саудамен қатар дамып келеді. Есептесудің бұл түрі көлеңкедегі сауда-саттықпен күресіп, кәсіпкерлікті дамытады. Елімізде енді ғана өркендеп келе жатқан электронды сауда нарығы экономиканың саңызды тармағына айналған. Былтыр Қазақстанда электронды сауда нарығының үлесі 700 миллиард теңгеден асты. Ал әлемдік деңгейде өткен жылы электронды сауда көлемі 3,5 триллион АҚШ долларына жеткен. Жылдық өсім 20 %-тен асады.

Туристер арасында сұраныстағы бағыттар

Елімізде әр апта сайын сатылатын туристік жолдамалардың саны 30%-ке артқан. Туристік агенттіктердің бірі осындай ақпаратпнен бөлісті.  Шетелде демалуды шешкен қазақстандықтардың көбі Түрік еліндегі турларды сатып алады. Бірақ кейбір клиенттер Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ашылғанын күтіп жүрген көрінеді.

Түркиядағы алғашқы туристердің бірі – қазақстандықтар

 Шекаралар ашылғаннан кейін Түркияға демалуға барған алғашқы туристер қазақстандықтар болды. Халықаралық әуе қатынасы қайта жанданғаннан кейін отандастарымыз Анталияға курортарына ұша бастады. Айта кейтейік, демалыс аумағы тек 30%-ке толтырылады. Түрік еліндегі All inclusive жүйесі сақталған. Бірақ  оның форматы өзгерді. Қазір қонақтар тағамды сенсорлық гаджеттер арқылы таңдайды. Ал қолғап киген аспаздар таңдалған асты салып береді. Дәмханада туристерге әлеуметтік арақашықтық сақтап отырғызылады. Әуежайда барлық жолаушының дене қызуын өлшеп, сауалнама жүргізеді. Егер келушілердің температурасы 38 градустан жоғары болса, онда туристерді одан әрі тексеру және тест тапсыру үшін оқшаулау бөлмесіне жібереді. Егер COVID-19 нәтижесі оң болса, жолаушылар 14 күндік карантинге жабылады. Бұл ретте сақтандыру ауруханаға жатқызу мен емдеуді жабады.

Бүгін «нарықтағы баға» айдарында сынапты термометр бағасын шолып өтеміз. Қостанайда термометрдың бағасы 260 теңге. Петропавлда дене қызуын өлшейтін құрал 480 теңгеден сатылады. Павлодарда оның бағасы 465 теңге. Елшіміздің батысына қарай ойыссақ, Атырауда сынапты термометр құны 500 теңге.  Қызылорда дәріханаларында бұл тауарды 550 теңге аулға болады. Ал Шымкентте ол 595 теңге тұрады. Алматыда сынапты термометр 600 теңге. Ал бас шаһардағы дәріханаларда сынапты термометрдің бағасы 250 теңгеден бастап 700 теңгеге дейін.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы