429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ІТ қызмет экспорты елімізге 80 миллиард теңге әкелуі мүмкін

  • 509
  • UPD: 11:58, 21.08.2020

Қазақстан ІТ қызмет экспортын дамытып, қазынаға мол қаржы түсірмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, отандық технологиялардың экспорттық әлеуеті жоғары.

ІТ қызмет экспорты елімізге 80 миллиард теңге әкелуі мүмкін. Саланың дамуын ұлғайту арқылы Қазақстан 2025 жылға қарай осындай қомақты қаржыға қол жеткізуді жоспарлап отыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осындай ақпаратпен бөлісті. ІТ саланың халықаралық нарыққа шығуы канадалық тәжірибеге негізделген үш кезеңнен тұрады. Оған отандық өнімдерді дайындау, қызметтердің көкжиегін кеңейту және жаңа технологияларды қолдау кіреді. Халықаралық платформаларға шығуға мүмкіндік беретін 50 компания іріктелген. Олардың 43-і жыл басынан бері дүниежізіне танымал интернет дүкендермен байланыс орнатты.

Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне 22 тонна ет экспортталды

Биыл Лепсіден Біріккен Араб Әмірліктеріне 10 тонна бал және 22 тонна ет экспортталды. Отандық өнімдер шетелдік нарықта сұранысқа ие. Сондықтан бейінді министрлік экспорттық қаржыландырудағы проценттік мөлшерлемені субсидиялауды ұсынды. Ведомствоның хабарлауынша, бұл бастама кәсіпкерлерге шетелдік серіктестермен келісімшарт жасауға көмектеседі. Сондай-ақ жоғары технологиялық өнімді сыртқы нарыққа шығаруға жол ашады. Жыл сайын 300 миллиард теңгеден астам сомаға осындай өнімді экспорттауға дайын кәсіпорындардың тізімі де жасалған. Жалпы алдағы уақытта 16 тауардың экспорттын ұлғайтуға басымдық берілмек. Бұл – етті мал шаруашылығы,металдар, машина жасау және көлік хабы.

«Нарықтағы баға» айдары

Бүгін өңірлердегі сиыр етінің құнын шолып өтеміз. Тауар бағасы аймақтық тілшілеріміздің ақпаратына негізделген.

Қостанайда бір келі сиыр еті 2200 теңге. Шымкентте 2100 теңге. Түркістандықтар сиыр етінің келісін 2000 теңгеден сатып алады. Ал, Таразда бұл тауар құны 1950 теңгеден басталады. Талдықорған дүкендерінде еттің құны 2100 теңге. Ең қымбат ет Ақтауда. Тауар бағасы 2200 теңгеден бастап 3000 теңгеге дейін жетеді. Елордалықтар сиыр етін 2000-2300 теңгеге сатып  алады.

Сарапшылар: Доллар 2020 жылдың ең қауіпсіз валютасы

АҚШ доллары 2020 жылдың ең сенімді қорғаныс валютасы. Morgan Stanley сарапшылары осылай деп хабаралады. Сонымен қатар жапондық иен және швейцариялық франк қауіпсіз қаражат тізіме кірді. Алайда, инвестициялық банк шешімімен, АҚШ валютасы трейдинг үшін ең қолайлы қаржы деп танылды. Америкадағы төмен ставкалар доллардың мәртебесін одан сайын арттырады. Ал, иен дәстүрлі түрде табысы төмен валюта болып саналады. Өйткені дамыған елдер арасында Жапония банкі ең төменгі проценттік мөлшерлемелерге ие. Швейцария франкіне келер болсақ, мамандардың айтуынша, ол Швейцария Ұлттық банкінің валюталық шешімдерімен шектелген.

Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 418 теңге 37 тиын, еуро 496 теңге 10 тиын, рубль 5 теңге 68 тиын.

Хабар 24 телеарнасы