420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ет бағасы қымбаттап барады

  • 346
  • UPD: 11:49, 04.09.2020

1200-1400 теңге. Біраз жылдан бері еліміздегі сиыр етінің көтерме бағасы өзгерместен осылай сақталып тұр. Есесіне нарықтағы құн шарықтап келеді.

Делдалдардың қолынан өткен өнім сатып алушыға 500-600 теңгеге қымбат болып жетеді.

«Қазақстан Ет одағының» бас директоры Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, жағдайды күрделендірмеу үшін онлайн сатылымды қолға алу керек. Содан кейін ет өндірісін еселеуге тиіспіз. Сұраныс бар. Ұсыныс та соған лайық болса, бағаны түсіруге болар еді. Жыл сайын елде ет өндіру орташа алғанда үш-бес процентке өсіп отыр. Мысалы, биыл 500 мың тонна сиыр еті, 150 мың тоннаға жуық қой еті өндірілді. Мамандар бағаның әлі өсетінін болжады. Өйткені мал азығы қымбат. Қазақстанның батыс бөлігінде бір тонна арпа 70 мың теңгеге сатылып жатыр.

Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, мұнда жаз құрғақ болған. Бұл шаруалардың шаш етектен шығындалуына алып келді. Нәтижесінде өнімнің өзіндік құны екі есе артқан.

Елімізде бір қап арпа қанша тұрады? «Нарықтағы баға» айдары

Петропавлда бір қап арпаны 2000 тг аласыз, Көкшетауда өнім екі жүз теңгеге қымбат, Шығыс Қазақстанда 2,5 мың тг, Қостанайда да сол баға, ал Тараздан бір қап арпаны 2800 тг аласыз, ең қымбат өнім Ақтөбеде сатылады. Баға 3000 тг. 

Келесі жылы АҚШ-тың сыртқы қарызы Жапония, Италия, Грекиядағыдай ЖІӨ мөлшерінен асып түседі. Американың бюджеттік басқару конгресі бұған коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық шығындар мен салықтың азаюы әсер еткенін айтады. Ел үкіметі наурыз айынан бері, вакцина жасап, оны сынауға және ауруханаларды толық жабдықтауға, сондай-ақ бизнесті қолдау үшін 2,7 трлн доллар бөлген. Мемлекеттік қарыздың жалпы ішкім өніммен теңесуі екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған. Федералдық бюджет екінші тоқсанда былтырғыға қарағанда 10% азайды. Қазір елдің сыртқы қарызы 21 трлн долларға жетті.

Хабар 24 телеарнасы